Премьер-Министр Әлихан Смайылов Еуропалық одақ көптеген жылдар бойы Қазақстанның негізгі саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылатынын мәлімдеді.
“Біз Еуроодақтың қазақстандық тау-кен өнеркәсібіне қызығушылық танытып отырғанын көріп отырмыз. Шынында да, осы саладағы ынтымақтастық әлеуеті зор. Осыған байланысты Еуропалық Одақ елдерінің геологиялық қызметтерін цифрландыру, геология ғылымын дамыту және салалық инфрақұрылым құру саласындағы бірлескен серіктестікке шақырамыз”, — деді Әлихан Смайылов.
Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың 6 айында $20,1 млрд құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,2% – ға жоғары.
Айта кетейік, 1-тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы шетелдік инвестициялардың елге келуі 54%-ға артып, $6,8 млрд құрады. Бұл орайда тау-кен өндіру өнеркәсібіне капитал тарту деңгейі 35,7%-ға өсіп, $3,5 млрдқа жетті.