Бұған дейін Түркістан облысындағы «Болыс ата», «Нұрмағанбет» шаруа қожалықтары өнімдерін шет елге экспортқа шығарған. Биыл бұл дәстүрлі істі ауылдық округтегі ең ірі «Б.Абдраманов» шаруа қожалығы осы істі қолға алды.
Күні кеше 35 тонна, бүгін 65 тонна, жалпы 100 тонна қарбызды Новосібір облысына шығарып, сатты. Шаруа қожалығы көктемде 15 гектар жерге бақша өнімдерін еккен болатын. Оның 4 гектарына қауын, 11 гектарына қарбызды жерсіндірген. Табиғи күтіп-бапталған бақша өніміне сұраныс жоғары. «Б.Абдраманов» шаруа қожалығының төрайымы Әбдіраманова Зүлфия:
«Бұл шет елдік сорттағы қарбыз. Дәмі керемет. Сұраныс жоғары. Алушылардың көңілінен шықты. Биыл қарбызды экспорттауды қайта қолға алдық. Бір жыл үзіліс жасаған болатынбыз»,- дейді «Б.Абдраманов» шаруа қожалығының төрайымы Зүлфия Әбдіраманова.