No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 10,2 млн құс бар

Азық шығынының негізгі бөлігі ірі қара мен құсқа тиесілі. 2021 жылы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 3,9 млн тонна азық жұмсады. Бұл өткен жылға қарағанда 7,9 пайызға артық, деп жазды energyprom.kz сайты.

21.07.2022
Жаңалықтар
13
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Сайт мәліметінше азықтың ең көп шығыны тіркелген үштік:

  • Ақмола облысы – 738,5 мың тонна, жылына плюс 14,8%;
  • Алматы облысы – 668,5 мың тонна, жылына плюс 24,8%;
  • Қостанай облысы – 506,5 мың тонна, плюс 1,1%.

Ауыл шаруашылығынан алыс мегаполисте, Алматыда күтілгендей азықтың аз бөлігі пайдаланылды: барлығы 99 тонна, жылына плюс 4,5%

«Азықтың ең көп көлемі ірі қара малға жұмсалды. Яғни, 1,9 млн тонна. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 11,6 пайызға артық. Оның ішінде тікелей сиырларға 813,3 мың тонна азық тиесілі», – делінген хабарламада.

Ал үй құсына жұмсалған азықтың шығыны 1,2 млн тоннаны, жылына плюс 2,9 пайызды, жылқыларға – 334,1 мың тоннаны, плюс 28 пайызды, қойларға – өткен жылғыдай 230,2 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар, ешкілерге жұмсалған азық шығыны небәрі 5,6 мың тоннаны құрап, жылына минус 20,4 пайыз болды. Түйелерге – 7,5 мың тонна, минус 9,7 пайыз, шошқаларға – 141,2 мың тонна, минус 7 пайыз.

 

Ауылшаруашылық кәсіпорындары жұмсаған барлық азықтың төрттен бір бөлігін яғни 1 млн тоннасын қойылтылған азық құрады. Өткен жылға қарағанда 5,6 пайызға артық. Одан кейінгі орында шөп пен құрама жем (тиісінше 950,9 мың және 805 мың тонна), ал одан кейін сүрлем мен көк азық (тиісінше 329,6 мың және 273,6 мың тонна).

Азық бағасының өсуі мал шаруашылығы саласына айтарлықтай әсер етеді. Соңғы екі жылда Қазақстанда төрт құс фабрикасы банкротқа ұшырады, деп хабарлады Хабар 24 арнасы. Арнада жарияланған ақпаратқа сәйкес, кәсіпкерлер мекиен тауықтардың санын азайту туралы ойлануда. Азық құны өскеннен кейін жағдай нашарлап, соңғы екі жылда бағаның өсуі байқалды. Қазірдің өзінде азық құрамдастары 30–50 пайызға қымбаттады.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елде 49,3 млн құс тіркелді. Бұл өткен жылға қарағанда 1,2 пайызға көп.

Өңірлік бөліністе ең көп құс саны:

  1. Алматы облысында – 10,2 млн;

  2. Ақмола облысында – 9,4 млн;

  3. Солтүстік Қазақстан облысында – 5,4 млн құс тіркелді.

Айта кетейік, Алматы облысында үй құстарына жұмсалатын азық шығыны 324,2 мың тоннаны, Ақмола облысында 299,8 мың тоннаны, Солтүстік Қазақстан облысында — 134,5 мың тоннаны құрады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Серік Күдебаев өз кінәсін мойындап айыппұл тағайындауды сұрады

18.07.2023

“Қоғам тарапынан құрмет болуы керек”: Тоқаев полицияның беделі төмен екенін айтты

30.06.2023

Әйелдерге арналған бизнес түрлері

26.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа