Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнесті тексеру туралы мораториге жаңа ерекшелік енгізу ұсынылмақ, деп жазады КазТаг.
“Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: “14) Қазақстан Республикасының жер заңнамасының сақталауына тексерулер мен профилактикалық бақылауды барып жүргізу”, – делінген Президент Жарлығының жобасында.