Елімізге шетелден қоныс аударған этникалық қазақтар кәсіпкерлерге берілетін грантты жеңіп ала алады.
“Қандастар үшін қуанышты жаңалық! 8 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грантқа Business.enbek.kz порталында өтінім қабылдау басталады”, – деп мәлім етті “Отандастар қорының” баспасөз қызметі.
Бизнеске арналған қайтарымсыз грант конкурсына қолдану мерзімі жарамды “қандас” мәртебесі бар азаматтардың қатысуына мүмкіндігі бар.
Грант мемлекетке қайтарылмайды, сомасы – 400 АЕК.