No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бизнесті дамытуға арналған грантты той мен кредитке жұмсаған

Маңызды шартты былтыр Шымкенттің 23 тұрғыны бұзған. Олар той өткізуге, құдалықтарға және несиелерін өтеуге бір миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған

03.08.2022
Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Шымкентте кейбір кәсіпкерлер 1 225 000 теңге көлеміндегі грантты кредитін жабу мен тойға жұмсады. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады, деп жазады Otyrar.tv.

Ведомство басшысы Балмаржан Нарбекова түсіндіргендей, қайтарымсыз грант тек бизнесті дамытуға беріледі. Бұл маңызды шартты былтыр Шымкенттің 23 тұрғыны бұзған. Олар той өткізуге, құдалықтарға және несиелерін өтеуге бір миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған. Іскер азаматтар жауапкершілікке тартылды, ақша қазынаға қайтарылды.
“Қарыз, несиелерді өтеуге, үйлену тойына ақша алуға болмайды. 1 миллион 225 мың теңге бизнесті дамытуға және қызметкерлерді жалдау үшін беріледі. Енді ереже болады: біз әр тоқсан сайын есеп беруді талап етеміз. Сондықтан осыған жауапкершілікпен қарауды сұраймыз”, – дейді Балмаржан Нарбекова.
2022 жылы Шымкент қаласының 1 150 тұрғыны өз бизнесін дамыту үшін мемлекеттен қаржылай көмек ала алады. Грант алу шарттарын жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасында түсіндіруге дайын.

Өз ісін дамытуға грант алу үшін не істеу керек

Қайтарымсыз грантты жеңіп алу үшін алдымен екі апта бойы Skills.enbek.kz сайтындағы курстарды оқып үйрену керек. Өтінімдерді қабылдау 8 тамызда басталады.

Өз ісін ашқысы келетін әрбір адам ЭЦҚ арқылы оқуға өтінім бере алады. Курс аяқталғаннан кейін адам тест тапсырады және білімін дәлелдейді. Егер өтініш берушінің көрсеткіші 70%-тен көп болса, ол автоматты түрде сертификат алады. Оны басып шығаруға болады, қолданыстағы құжат саналады. Егер тест нәтижесі дұрыс болмаса, тағы екі рет тапсыру мүмкіндігі бар.

Оқыту жеке бизнесті жүргізудің негізгі дағдыларын алуға, бір жылға дейін бизнес-жобаны сүйемелдеуге және бизнес-идеяны қаржыландыру тетіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мемлекет көмегі кімдерге беріледі:
  • жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар;
  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар қатарынан);
  • жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі бір жылдан кем);
  • жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамдар;
  • жұмыссыз жастар (29 жасқа дейін);
  • тұрмысы төмен отбасылар – атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • көп балалы отбасылар – көп балалы отбасы санаты бойынша жәрдемақы алушылар;
  • қандастар, қоныс аударушылар;
  • асыраушысынан айырылғандар;
  • мүгедектігі барлар;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар құмар ойындарға үш жылда триллион теңгеден астам ақша жұмсаған

27.06.2023

Суретке түспек болған: Бурабайда әйел таудан құлап қайтыс болды

12.06.2023

Ньюкарктің кешігуі әуе қозғалысының контроллері, ұшақтармен байланысын жоғалтқаннан кейін, олардың бақылауымен кетеді – CNN

07.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа