No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Салық декларациясын кешіктірілсе, салық төлеуші айыппұл арқалайды

05.08.2022
Жаңалықтар, Kazbusiness
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде декларацияны толық емес немесе кешіктіріп тапсырудың салдары қандай болатыны түсіндірілді.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексінде бастапқы салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе салық органдары бірінші рет ескертумен шектелетіні белгіленген. Ескерту жасалғаннан кейін жеке тұлға тарапынан 1 жыл ішінде қайталап заңбұзушылық орын алған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл бүгінгі күні 45 945 теңгені құрайды.

Егер декларацияда салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге әкеп соқпайтын толық және дұрыс емес мәліметтер қамтылса, онда салық органдары да бірінші рет ескертумен шектеледі. Ескертуден кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үш АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Салықтарды есептеуге әкеп соғатын салық салу объектілерін жасырған жағдайда, жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық сомасының 200 пайызы мөлшерінде және мұндай заңбұзушылық қайталанса, 300 пайыз мөлшерінде айыппұл көзделген. Бұл шара жеке тұлғалар хабарлама берген кезде салық міндеттемелерін орындамаса және салықтық тексеру жүргізілсе қолданылады. Заңбұзушылықты өз бетінше жою кезінде айыппұлдар салынбайды.

Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдарға қатысты өткен жылы шілдеден бастап Қазақстаннан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға, шоттар (салымдар) ашуға және иеленуге тыйым салынғанын еске саламыз. Көрсетілген міндеттемелерді орындамау олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

Кірісі мен мүлкі туралы декларация қағаз түрінде 15 шілдеден кейін қабылданбайды, ал электрондық түрде 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыруға болады.

Салық есептілігін ұсыну және толтыру тәртібі туралы толық ақпаратты 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығынан, сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz және Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің сайтынан алуға болады.

Байланысты Материалдар

Трамп Жапония бізге оның бағытында 550 миллиард доллар инвестиция салады дейді.Бұл сенімді нәрсе болмауы мүмкін – AP News

28.07.2025

Барлық IP David Ellison’s Skydance өзекті сатып алуға болады – алуан

28.07.2025

Paramount Co-компаниясы Skydance мәміле жасалған күнін растайды, жұмыс кезінде қызметкерлердің күш-жігері – соңғы мерзімі

27.07.2025

Sarepta терапиясы онисиктер бойынша нақтылау мәлімдемесін ұсынады – Sarepta терапиясы

27.07.2025

Caribbebed экипажының корпоративті экипаж мүшесі пышақ

27.07.2025

Шенджея Жао – бұрынғы ашық аспан астыңғы – мета-суперделиялық зертхананың бас ғалымы – Axios

27.07.2025

Ұсынылатын материалдар

18 жылға сотталған Мәсімов аппеляцияға берді

22.05.2023

Бұл u.s. өндіруші Трамптың тарифтерін мүлдем қарсы емес – Вашингтондағы Пост

05.05.2025

Пригожин Лукашенкомен мәмілеге келді

25.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа