«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ (әрі қарай – Қоғам) төмендегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қоғамның қатысу үлестерін өткізу бойынша сауда өткізу туралы хабарлайды:
1. «Сырымбет» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
2. «Алға» СДО» ЖШС;
3. «Қаратал Агро» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
4. «Қаратал-күріш» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
5. «Satti» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
6. «Өрлеу» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
7. «Байсерке-Агро» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
8. «Агросервис ҚанТ» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
9. «Ақөзек» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
10. «Хан Тәңірі» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
11. «Жаңа-жол» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
12. «Байынқол» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
13. «Үш Қақпақ» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
14. «Жетісу-Ұлыс.KZ» ЖШС;
15. «Малайсары Алтын» ЖШС;
16. «Адыр» ЖШС;
17. «MJM-Gold» ЖШС;
18. «Жартасты» ЖШС;
19. «Altyn Ketmen» ЖШС;
20. «Golden Steppe» ЖШС;
21. «Zhetisu Minerals» ЖШС;
22. «Ынталы СЭС» ЖШС.
Сауда нысаны – электрондық аукцион. Аукцион 2022 жылғы 19 тамызда сағат 10.00 және 11.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізіледі. Аукционға қатысу үшін Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында саудаға қатысуға өтінім беру және кепілдемелік салымды төлеу қажет.
Кепілдемелік салымды аударуға арналған деректемелер:
Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ; БСН: 050540004455.
Есеп-шот (IBAN/ЖСК) «Қазақстанның халық банкі» АҚ-да: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX; ТБК: 171; Кбе: 16.
Айта кетейік, жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын мүлкінің мөлшерін сипаттап көрсетеді. Одан бөлек шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда, өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым қаражаттарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен бұрын айтылғандай кәсіпкерік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.