Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жеті айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі қалай өскенін мәлімдеді.
“Биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,3%-ті құрады. Негізгі трендтер бойынша есепті кезеңде нақты сектордағы жоғары өсім, қызмет көрсету секторындағы өсімнің жеделдеуі, оң сауда балансының сақталуы байқалуда”, – деді министр үкімет отырысында.
Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, сауда, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі оң өсім көрсетті.
Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде оң өсу қарқыны сақталды. Жеті айда өндіріс көлемі 4,9%-ке өскен. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1%-ке ұлғайды. Есептік кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 8,6%-ке артты. Жоғары өсім Алматы, Ақмола және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалып отыр. Ал Маңғыстау, Абай және Жетісу облыстарында бұл көрсеткіш төмендеген.