No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тегін мектеп формасын қалай алуға болады?

17.08.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
62
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Биылдан бастап оқушыларға мектеп формасын беру тәртібіне өзгеріс енгізілді. Бұдан былай бірнеше санатқа кіретін балаларға мектеп формасы мен оқуға қажетті заттар берілмейді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мектеп формасы мен оқуға қажетті заттардың ақшасы тікелей ата-анасының есепшотына аударылады. Оған қоса, материалдық көмектің көлемі ұлғайтылды. Биылғы оқу жылында 475 мың балаға ақша аударылады.

Айта кетейік, бұған дейін балаларға таратылатын мектеп формасын әкімдіктер сатып алып, білім беру мекемелеріне үлестіріп отырған. Бірақ жыл сайын ата-аналар тарапынан киімнің өлшеміне және сапасына қатысты арыз-шағымдар көп түсті.

Осыған байланысты биыл үкіметтің арнайы қаулысына өзгеріс енгізіліп, мектеп формасының ақшасын ата-ананың немесе кәмелетке толған білім алушының өтініші бойынша тікелей өзіне аударуға шешім қабыланды. Материалдық көмектің көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни, 37 389 теңгеден кем болмауы тиіс.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Дулат Жекебаевтің айтуынша, материалдық көмек 37 мыңнан жоғары болуы мүмкін. Бірақ одан төмен түспеуі шарт.

“Кей аймақтар бұл сомадан артық бөліп жатыр, мысалы, Алматы 43 мың теңгеден беріп жатыр”, – дейді Жекебаев.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сәйкес, материалдық көмек 475 мыңнан астам балаға беріледі. 20 тамызға дейін мектеп формасына қажетті ақшаның барлығы аударылады.

Ақша отбасындағы барлық балаға беріле ме?

Бұған дейін әлеуметтік желіде “Жалпыға міндетті білім беру” бағдарламасы бойынша бір үйден тек бір балаға материалдық көмек көрсетілетіні туралы ақпарат тараған болатын. Бірақ оқу-ағарту министрлігі оны жоққа шығарды.

“Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік осал топқа жататын отбасылар “Жалпыға міндетті білім беру” қоры арқылы әрбір балаға көмек алуы керек”, – дейді министрлік мамандары.

Ал оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өз баласына мектеп формасына қанша ақша жұмсағанын айтты. Оның мектепке баратын бір баласы бар екен.

“Осы демалыста баламды ертіп, дүкенге бардым. Дүкеннен бірнеше ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алдық. Бағасына келсек, 35 мың теңгедей ақша кетті. Шалбарын, костюмін, көйлегін алдым”, – дейді министр.

Материалдық көмек кімге аударылады?

Үкімет қаулысына сәйкес, материалдық көмек нақты бірнеше санатқа ғана беріледі.

Олар:

  • атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
  • атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
  • отбасыларда тұратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
  • басқа санаттар (қиын жағдайға тап болған отбасылар, оның ішінде мүгедек балалары бар);

Құжаттар қайда тапсыруға болады?

Материалдық көмекті алу үшін алдымен өтініш жазу керек. Оны мектепке тапсырады. Одан кейін несиелік қарызы жоқ және бұғатталмаған банктік карточканың 20 таңбалы нөмірін ұсынады я болмаса, материалдық көмекті аудару үшін банкте арнайы шот ашуы қажет.

Талапқа сәйкес, қаражатты мақсатты пайдаланылу құжатпен растаталады. Ол үшін мектеп формасы сатып алынған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде түбіртек пен фотоны білім беру ұйымына тапсыру керек.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Елордада 50 құрылысшы үш айдан бері ақысын ала алмай жүр

09.12.2022

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті

03.07.2023

Бизнес бастауға идея келгенде не істеу керек?

21.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа