Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,31 теңгеге төмендеп, 1 доллар 475, 94 теңге болды.
Ұлттық банктің 18 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 476, 20 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 479 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 473 теңгеден болса, сатып алу – 477 теңге.
Ресей рублі 7,3- 7,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.