Өңірде келесі жылы жалпы құны 31,7 млрд.теңге болатын өндірістерді ашу көзделген. 421 адам жұмысқа орналасады. Сонымен, 2023 жылы цемент зауыты жұмыс істеуі керек. Бұл жобаға салынған инвестиция 4,5 млрд теңгені құрайды. Қуаттылығы – жылына 400 мың тонна. 167 адам жұмысқа орналаса алады.
Сондай-ақ, облыста 25,6 млрд теңгеге құс етін шығару жобасы іске қосылады. Кәсіпорында жылына 135 мың тонна өнім шығару жоспарлануда. 170 жұмыс орны құрылады.
300 млн теңгеге сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу өндірісі ашылады. Мұнда жылына 7 мың тонна өнім шығарылады. 20 адам жұмысқа орналасады. Өңірде әлі де сүт өнімдерін өндіру кешені іске қосылады. Құны-250 млн теңге. Қуаттылығы жылына 1,8 мың л құрайды. 18 адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Келесі жылы 500 млн теңгеге сүт фермасы іске қосылады деп күтілуде. Бұл нысанда жылына 3,6 мың тонна өнім шығарылатын болады. 10 жұмыс орны ашылады.
2023 жылы қызанақ шырынын өндіру, көкөніс өсіруге арналған жылыжай салу және гидропоникада жасыл жем шығару жобасы іске асырылады. Инвестициялар 220 млн теңгені құрайды. 18 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Қуаттылығы – 250 тонна қызанақ, 375 тонна қияр, 35 мың литр қызанақ шырыны, 250 тонна жасыл жем.
Өңірде мақсары өңдеуді 120 млн теңгеге жолға қою көзделген. Қуаттылығы – жылына 360 тонна, жұмыс орындары-сегіз. Сондай-ақ, қуаттылығы жылына 200 тонна балық өңдеу жобасы іске асырылуда. Инвестициялар-250 млн теңге, жұмыс орындары – 10.