No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және халықпен ақшалай есеп айырыспайды

19.08.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстан Ұлттық банкі өздерін инвестициялық компания ретінде таныстыратын алаяқ топтардың белсенді әрекетке көшкенін хабарлады.

Қаскөйлер түрлі сайт пен жарнамалық роликтер жасайды, сондай-ақ мобильді қосымшалар әзірлеп, телефонға орнатып алуды сұрайды.

Алаяқтықпен айналысатын мұндай ресурстар екінші деңгейлі банктермен, Ұлттық банкпен немесе басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген жеке тұлғалардың қаражатын тарту секілді бағдарламаларға қатысуға үндейді.

“Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырыспайды және мәмілелер жасаспайды. Сонымен қатар табыс табуға негізделген қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайды”, – деп ескертті Ұлттық банктегілер.

Алаяқтардың сайтында өтініш қалдырған кез келген адам ақшасынан айырылып қалуы мүмкін. Өйткені алаяқтар оның жеке деректерін алып, қоңырау шалып, ақшаны өз реквизиттеріне аударуға көндіреді. Ал олардың қолына түскен қаражатты кері қайтару процедурасы ұзақ әрі күрделі, кей жағдайда тіпті мүмкін емес.

Алаяқтарды қалай анықтауға болады:
  • сайттар аз уақыт ішінде инвестициядан көп әрі тұрақты пайда табуға кепілдік береді;
  • қандай да бір байланыс дерегі болмайды;
  • ресми мемлекеттік тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұлттық компания басшыларының суреттері мен ойдан құрастырылған мәлімдемелері келтіріледі;
  • жалған лицензияларды немесе құқық белгілейтін құжаттарды пайдаланады;
  • мемлекеттік органдардың, екінші деңгейлі банктердің немесе ұлттық компаниялардың логотипі мен атауы шын болуы мүмкін. Алайда заңды тұлғалардың, соның ішінде

Ұлттық банктің мұндай алаяқтық платформаларына еш қатысы жоқ.

Жарияланған ақпаратты тексеру үшін қаржы институтының немесе банктің ресми нөміріне қоңырау шалу керек. Ал егер күмәнданып тұрсаңыз, қаржы мекемесіне барып, қызметкермен сөйлескен абзал.

Активтерді инвестициялық басқаруға лицензиясы бар ұйымдардың тізімі Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алаяқтарға алданып қалмаудың жолдары қандай? Ұлттық банк жауап берді

14.09.2022

Қазақстанда шай мен кофенің бағасы шарықтап барады

10.07.2023

275 млн теңге: “Самұрық-Қазына” қорының басқарма мүшелерінің табысы

05.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа