No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шитті мақтаның бағасы 400 теңге болады

Түркістан облысында жиын-терім науқаны жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстар барысы мен өзекті мәселелер Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте талқыланды.

23.08.2022
Жаңалықтар
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Өңір басшысы жиын-терім кезеңінде жұмыстарды сапалы атқарып, шаруаларға қолдау көрсетуді тапсырды. «Биыл ауыл шаруашылығы саласында көрсеткіш жоғары. Жетістіктер жылы болып тұр. Көп жұмыс атқарылды. Бұл – осы саладағы азаматтардың, халықтың еңбегінің жемісі. Енді осы жетістікке жету жолын үйрету үшін шаруаларды жинап, семинар өткізу керек. Көкөніс, бидайға қатысты семинар өткізіп, тәжірибемен бөліскен жөн. Егістік басына апарып, техникалар мен технологияларды көрсету арқылы жұртшылықты ауыл шаруашылығына қызықтыра аламыз», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Т.Оспановтың айтуынша, биыл облыста мақта дақылы 126,3 мың гектарға егілген. Жалпы 345 мың тонна шитті мақта жиналып, өткен жылғы көрсеткіштен артады деп жоспарланып отыр. Мақта бағасы биыл 400 теңге көлемінде болады деп күтілуде. 2021 жылы бір келісінің бағасы 320-380 теңге аралығында болған.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 859,9 мың гектарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артып отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар 313 мың гектарға егілсе, көкөніс, бақша, картоп 119,4 мың гектарға егілген.

Бүгінгі күнге 254 мың гектарға егілген астықты ору науқаны аяқталды. Гектар түсімділігі 19 центнерді құрап, өткен жылдан 8,7 центнерге артып, 471,3 мың тонна өнім жиналды. Көкөніс пен бақша бойынша 2,8 млн. тонна өнім жиналса, 112,6 мың тонна жеміс-жидек жиналған.

Облыс әкімінің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша биыл 8,4 мың гектарда 3000 жоба іске асырылды, бірінші, екінші өнімнен 230 мың тонна көкөніс өнімі жиналып, жұмыстар жалғасуда. 85,5 гектарға жаңа жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1552 гектарды құрады.

Бүгінгі күнге жылыжайлар есебінен 118 мың тонна өнім өндірілген. Жалпы биыл мемлекет тарапынан күзгі жиын – терім жұмыстарына 48 мың тонна жанар-жағар май бөлініп, агроқұрылымдарға литрі 200-202 теңгеден беріліп жатыр. Бұл — нарықтық бағадан 15-20% төмен. 522 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50%-ын субсидиялауға бюджеттен қаржы бөлінді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Елге заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

28.04.2023

Бонк 24 сағат ішінде 8% төмендеді: бірақ бұл баға деңгейі одан әрі DIP-ammCrpto-ның алдын алады

06.05.2025

“Бизнестің жол картасы – 2025” бағдарламасының грантын қалай алуға болады?

04.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа