No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жылына 100 тонна бал өндіретін ЖШС туралы білесіз бе?

23.08.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жетісу өңірінде теңіз деңгейінен 1425 метр биіктікте Жоңғар Алатауының етегінде табиғи таза бал өндіріледі. Мұнда Ескелді ауданындағы «ТеkТаu» ЖШС 300-дей араның ұясын ұстап, омарташылықпен айналысуда, деп хабарлады Kazbusiness.kz сайты Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серіктестік жылына 100 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Өзі өндірумен қатар олар балды жергілікті омарташылардан да сатып алады. Балдың сапасы мен тазалығы өздерінің арнайы зертханасында тексеруден өтеді. Өз өнімдерін отандық нарыққа, БАӘ мен Ресейге және Қытайға экспорттап отыр.

Кәсіпорын директоры Руслан Кутлуковтың айтуынша, басты міндет – табиғи таза өнім өндіру, соған сәйкес компания «ТеkТаu-дың» балы әр шаңырақта болуға тиіс» деген ұранды ұстаным етіп алған.

– Балдың сапасы мен тазалығы өндірістің бүкіл кезеңінде бақыланады. Оның стандартқа сай болуын жіті қадағалаймыз. Әр тұтынушымызды нағыз тау балының дәмімен тамсандырсақ дейміз. Зертханамызда балдың құрамындағы дәрумендер мен пайдалы қасиеттерді төмендетуге әсер ететін заттарды анықтаймыз. Сол сияқты аралардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастырамыз, – дейді Р. Кутлуков.

«ТеkТаu» ЖШС балдың 4 түрін  – тау, орман, қыр балдарын және Алтай тауының балын өндіреді. Қаптамасына да ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, тау балы жөке ағашынан жасалған, іші балауызбен өңделген бөшкеге, сол сияқты шағын пластикалық ыдыстарға құйылады. Оған қоса балдың барлық түрі шыны банкаларға, ал бал ұяшықтары ағаш қораптарға салынады. Мұндай әсем безендірілген бренд өнімді таптырмас сыйлық дер едік.

– Арадан көп нәрсе үйренуге болады. Ол бізге пайдалы өнім беріп қана қоймай, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа үйретеді, топпен жұмыс істеудің артықшылығын түсінуге көмектеседі. Араның бал жасау процесіндей күрделі процесті ештеңемен салыстыруға болмайды. Мысал үшін бірнеше деректі келтіре кетсем: ара гүл шырынын өзінің артқы екі аяғында болатын арнайы қуыс – «бал сауытында» сақтап, оны омартаға жеткізеді. «Бал сауытының» сыйымдылығы шамамен 70 миллиграмм, бірақ оны толтыру үшін араға 1000-1500 гүлге қонуға тура келеді. Өңделген шірнені ұяшықтың бір тор көзінен келесі бір тор көзіне ауыстырып, желдетіп, артық ылғалын әбден кетіреді. Мұның өзі 8-10 күндей уақытты алады. Бұл кезде одан әлі жетілмеген бал шығады. Оның булануын тездету үшін аралар қанаттарымен желдетеді. Омартаның жанына келгенде естілетін уіл – сол дыбыс. Ара балды осылай жасайды. Шырын ұяшықта тиісті қоюлық деңгейіне жеткенде балға айналады. Балы бар ұяшықтар балауызбен жабылып, өнім пісіп-жетіледі. Бір килограмм бал алу үшін омартадағы аралар шамамен 10 миллион гүлді аралайды. Әрине, балды бір емес, бірнеше ара жинайды. Бірақ бір араның өзі атқаратын жұмыс аз емес: бір күнде жұмысшы ара 5-7 мың гүлге қонады, – дейді омарташы.

Ара шаруашылығымен айналысудың ерекшелігін баяндай отырып Руслан Кутлуков аралар туралы тағы бір таңырқатар дерек айтты:

– Бір қызығы, шырынды гүлдердің қай жақта көп екенін білдіріп, басқа араларды көмекке шақырғанда ол билейді. Оның жылдамдығы мен би қимылдары шырынды алқаптың қашықтығы мен бағытын көрсетеді. Қазіргі кезде біздің алқапта 300-дей араның ұясы орналастырылған. Компаниямыз бал шаруашылығымен 2015 жылдан бері айналысады, кәсіпорынды 2018 жылы аштық. Осы уақыт аралығында едәуір тәжірибе жинақтап, жоғары біліктілік деңгейіне жеттік. Қазіргі кезде біздің балымыздың нарықта өз орны бар, экспортта да бағаланып, ел азаматтарымен қатар БАӘ мен Қытай тұрғындары да тұрақты тұтынатын болды, – дейді ол.

Жалпы, «ТеkТаu» ЖШС Ескелді ауданының Сырымбет ауылында орналасқан, онда балды қаптау цехы, балды кристалдандыруға арналған термокамера бар, сол сияқты қойма орындары мен кеңсе орналасқан. Кәсіпорында 10 адам жұмыс істейді.

Жетісу облысында өткен жылы 280 тонна бал өндірілген, омарташылыққа жасалатын мемлекеттік қолдау жергілікті бюджеттен қарастырылады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Несие төленбесе, банк жалақының қанша пайызын ұстап қалады?

31.10.2022

Жетісу облысында мұздатылған балық бағасы 35,2 пайызға өсті

17.10.2022

Келіссөз жүргізе аласыз ба?

20.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа