No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КӨПБАЛАЛЫ АНА МЕМЛЕКЕТТЕН ГРАНТ ҰТЫП АЛЫП, ШАҒЫН ТІГІНХАНА АШТЫ

24.08.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Талғар қаласында тұратын көпбалалы ана Жанерке Темірғалиеваның жаңа кәсіп ашуына мемлекет қолдау көрсетті. Ол «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 1 220 970 теңге грантқа қол жеткізді. Тиісті қаражатқа тігін машиналарын сатып алып, жұмысынабелсене кірісті.

Кәсіпкердің қолынан шыққан бұйымдарға көпшілік дән риза. Ол тіккен көрпе-жастықтың тыстары, перделер, мектеп оқушыларының киімдері сапа жағынан ешкімненкем емес. Ісінің ілгері басуына тігін машиналарымол мүмкіндік беріп отыр.

Жанеркенің бұл салаға бет бұруына қыздары себеп болыпты. Гимнастикаға қатысатын Әмина мен Алуаға спорт киімдерін тігіп жүріп, осы өнерге машықтанған.

– Екі қызым да гимнастикамен айналысады. Жарысқа барғанда спорт киімдерін жалға аламыз. Оның бір күндік бағасы – 15000 теңге. Кейде спорт додасы 4-5 күнге созылады. Сондай кездерде қалтаң көтермейді. Осы киім-кешектерді неге өзім тігіп көрмеймін деген ой келді.Бастамамды қыздарым қуана құптады. Қолдан шыққан бұйымдар оларға бірден ұнады.Бірте-бірте біздегі жаңалықты айналамыздағы жұрт естіп, тапсырыстар түсе бастады, – дейді Жанерке Темірғалиева.

Көпбалалы ана тігін технологиясынмеңгерген соң, кәсіп ашуды көздейді. Сол мақсатпен аудандық жұмыспен қамту орталығына барып, «Бизнес бастау» жобасына қатысады. Комиссия тарапынан оның жұмыстары оң бағаланып, жоғарыда айтқан грантқа ие болады.

– Мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын бизнесіме жол ашылды. Таяуда кәсіпкерлікке даярлау курсын толық тамамдаймын. Ол жерде көп нәрсеге қанықтым. Ары қарай бастаған істі өрістетіп, дамытуға күш саламын, – дейді Жанерке.

«Ізденген жетер мұратқа». Кәсіпкер келіншектің іскерлігіне  біз де тәнті болдық. Жаңадан жұмысын бастаған «Арафат» ательесініңүлкен тігін цехына айналатын күні де алыс емес деп ойлаймыз.

Болат МӘЖИТ

Талғар ауданы,

Алматы облысы

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

29 тамыз: валюта бағамы қандай?

29.08.2022

20-дан астам компанияның негізін салушы Джеймс Алтучер кәсіпкерлерге қандай кеңес ұсынады?

03.10.2022

13 млн теңге пара алғаны үшін “Семей орманы” табиғи резерватының басшылығы сотталды

30.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа