No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарағандыда бизнесін жаңадан бастаған 30 кәсіпкер ісін дамытуға гранттар алды

Қарағандыда "Бастау Бизнес" жобасының түлектері арасында мемлекеттік гранттар бөлінді. Бұлл туралы Қарағанды облысының баспасөз қызметі хабарлады.

25.08.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Комиссияның шешімі бойынша ісін жаңа бастаған 30 кәсіпкер жеңімпаз атанды. Бизнес-идеялар негізінен қызмет көрсету саласына байланысты болды.

– Қолдау 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде көрсетіледі, гранттың ең жоғары сомасы – 1 млн 225 мың теңге (400 АЕК). Өтінімдер business.enbek.kz порталында қабылданады. Сол жерде бизнес-жоспарларды қарау және оларды қорғау жүзеге асады, – дейді Қарағанды жұмыспен қамту орталығының басшысы Нұржан Сыздықов.

Оның айтуынша, биыл қала бойынша жүз бизнес-идеяға гранттар қарастырылған.

Бірінші лекте 60 өтінім келіп түсті, олардың жартысын комиссия мақұлдады.

29 тамыздан бастап өтінімдерді қабылдаудың екінші легі басталады. Ол 9 қыркүйекке дейін жалғасады. Бизнес-идеялары қабылданбаған адамдарда да мүмкіндік бар, олар қайта өтініш бере алады.

– Комиссия қарауына ұсынар алдында өз бизнес-жобасының өзектілігін тексеруге кеңес бергім келеді.  Грант өтеусіз, бірақ мақсатты пайдаланылуын бақылау міндетті, – деп атап өтті Нұржан Сыздықов.

Грантқа үміткерлер: 29 жасқа дейінгі жастар, мүгедектігі бар және “қандас” мәртебесі бар адамдар, өңіраралық қоныс аударушылар, көп балалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері, АӘК және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар болуы мүмкін.

Міндетті шарт – “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткені туралы сертификаттың болуы. Оны 14 күн ішінде business.enbek.kz сайтында да алуға болады. Сертификат үш жылға жарамды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті субсидиялаудың жаңа жүйесін әзірледі

01.07.2022

Инфляция түзетулерде ме? PCE бағалар индексінде тағы бір рет не тұрады? Алдыңғы айдағы инфляцияның өткір нұсқалары – Қасқыр көшесі

02.05.2025

12 қаңтардан бастап шетелдік көлікті сақтандыруға тыйым салынады

11.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа