Сервистік қолдау облыс орталықтары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жергілікті жерлерде офлайн режимде Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің 19 орталығында (бұдан әрі-КҚКО) «офлайн» форматта және 189 КҚКО (аудандық деңгейде) қаржылық емес қолдау операторының G4B.kz веб-порталы арқылы үздіксіз және тегін негізде «онлайн» режимде жүзеге асырылады.
«Егер сіз кәсіпті енді қолға алған кәсіпкер болсаңыз, онда кәсіпті бастау кезінде нишаны дұрыс анықтау, мүмкіндіктерді саралау, оңтайлы салық режимін таңдау өте маңызды. Біздің менеджерлер жеке кәсіпкерлік, ЖШС үшін оңтайлы салық режимін таңдауға көмектеседі. Мамандар салық есептілігін, бухгалтерияны түсінуге көмектеседі, өзекті сұрақтарға жауап береді», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қандай қызмет көрсетеді?
Бұл құрал тиімділікті арттыру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және бизнес-процестерді қолдау бойынша 4 мамандандырылған қызмет көрсетуді қамтиды. Экономиканың барлық секторында әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау шеңберінде мамандандырылған қызметтердің мынадай түрлері ұсынылады:
бухгалтерлік және салықтық есептілікті жүргізу, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер;
заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер;
мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру және алу мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
маркетинг мәселелері бойынша қызметтер.
«Жақсы мекеме! Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджерлеріне жеке рахметімді айтамын. Бүгін есеп тапсырудың соңғы күні болса да, саған тез әрі тиянақты қызмет көрсетіледі. Барлық сұраққа жауап береді, жеке кәсіпкерлікті жүргізуге қатысты кеңес береді», – деді КҚКО клиенті, кәсіпкер Мөлдір Рысбаева.
Негізгі мақсаты – өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру.
«Атамекен» ҚР ҰКП 2015 жылдан бастап бизнесті қаржылай емес қолдау шараларының операторы болып белгіленді.