Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын салық төлеушілер ақшалай есеп айырысу кезінде онлайн-бақылау касса машинасын қолдануға міндетті.
Онлайн бақылау-касса машиналарын жеке тұлғалар, жеке сот орындаушылар, медиаторлар, уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, халыққа қызмет көрсететін қоғамдық көліктер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, қызметі телекоммуникация желiлерi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілер, діни бірлестіктерінің, Ұлттық пошта операторының, арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізілетін салық төлеушілір ақшалай есеп айырысу кезінде қолданбайды.
Алайда, қызметі телекоммуникация желiлерi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілер ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.
Салық төлеушілер БКМ ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін салық органында есепке қойып,көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға БКМ чегін беру керек. Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пункттерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қосымша қамтуға тиіс.
Айта кетейік, 1 қантар 2022 жылдан бастап онлайн – БКМ чегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының талап етуі бойынша сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірін де қамтуға тиіс.
Салық органына БКМ есепке қою, үш жұмыс күнi iшiнде БКМ тіркеу нөмірін беру арқылы жүргізіледі. Есептен шығару және өзгерістер енгізу бір жұмыс күнінде жүргізіледі.
БКМ орнатпау, тіркемеу және тиісті талаптарды орындамау фактілері орын алған жағдайда, ҚР Әкімшілік-құқық бұзу кодексінің 284 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.