Холдинг пен СБЕР сатып алу-сату мәмілесін аяқтады, деп хабарлайды Kazbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сбербанк тобы мен “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі Сбердің Қазақстандағы еншілес банкі (“Сбербанк” АҚ ЕБ) акцияларының барлық пакетін сатып алу- сату мәмілесін жасасуды аяқтады.
“Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалды және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өтті”,- делінген холдинг таратқан хабарламада.
Ал банк өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады, бұрынғы клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарттар өзгеріссіз қалады.
“Бәйтерек” холдингі елдің қаржы жүйесі үшін банктің маңызы жоғары деп есептейді.
Мәміле аясында банк белсенді операцияларды толық жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді дамытуға мүмкіндік алады. Жақын уақытта Сбербанк Қазақстанға ребрендинг жүргізілетін болады.