Еңбекшіқазақ ауданының шаруалары картоптың гектарынан 200-250 центнер өнім алмайтындарын алға тартты. Жиналған өнімді германиялық чипсы шығаратын фабрикаға өткізіп жүр.
«Біздегі ең күрделі мәселе – картоптың сапалы сорты жоқ, сосын тоңазытқышпен жабдықталған қоймалар жоқ. Бірнеше тонна картопты қалай сақтарымызды білмейміз», – дейді шаруалар.
Аталған мәселе бойынша облыстық ауылшаруашылығы басшысына тапсырма берілді. Басқарма шаруаларды голландиялық сортты тұқыммен қамтамасыз ететін болады.