No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

6.8 млрд доллар: 2022 жылдың І тоқсанында тартылған инвестиция мөлшері

10.09.2022
Жаңалықтар
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді, деп kazbusiness.kz ақпараттық порталы Үкімет басшысы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жиын барысында негізгі капиталға және тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторларды орындау қарқыны, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелер қаралды.

Отырыста сөз алған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6,9 трлн теңгені құрағанын хабарлады. Жылжымайтын мүлікпен операциялар, тау-кен өнеркәсібі және мұнай өндіру, көлік және қоймалау, ауыл, орман және балық шаруашылығы, энергетика және өңдеу өнеркәсібі сияқты салалар бойынша айтарлықтай өсім байқалады.

Премьер-Министр биыл негізгі капиталға құйылған инвестициялар бойынша 4,5% деңгейінде оң динамика байқалып отырғанын, бұл ретте 12 өңірдің белгіленген нысаналы индикаторларды орындамағанын атап өтті. Ең төменгі көрсеткіштер Шымкент қаласы, Түркістан және Ұлытау облыстарында.

“Ірі компаниялар өндіріске инвестиция салып, жаңа жұмыс орындарын ашуға дайын. Олармен жұмыс істеп, инвестициялық келісімшарттар жасау, жаңа жобалар бойынша – салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беру қажет. Облыстар мен мемлекеттік органдардың басшылығы инвестиция тарту жұмыстарын күшейтіп, бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы тиіс”, — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров 2022 жылдың І тоқсанында елімізге 6,8 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын баяндады.

Осы кезеңдегі алғашқы инвесторлар ондығына Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Бельгия, Ұлыбритания, Франция және Түркия елдері кірді.

Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы химия өнеркәсібі, ТМК, энергетика, көлік және логистика, тамақ өнеркәсібі, туризм, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, мұнай-газ химиясы, ауыл шаруашылығы және т. б. салаларда 30,2 трлн теңгеге 797 жобаны қамтиды.

Пул жобаларын толық іске асыру шамамен 130 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 2022 жылы 24 мың жұмыс орнын құра отырып, 2,98 трлн теңгеге 272 жобаны іске қосу жоспарланған.

Сонымен қатар қазіргі уақытта шетелдік компанияларды Қазақстанға көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, таргеттелетін 310 компанияның 51-і елімізде өндірісті шоғырландыру бойынша келіссөздер жүргізуде. Олардың ішінде Honeywell, Skoda, Youngsan, EMAG, Carlsberg, Fortescue және т. б.. Ал Canon, Philips, Kronospan, GE Healthcare, Alstom, Haier компаниялары және т. б. алдын ала келіссөздер сатысында.

Премьер-Министр I тоқсанның қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялар ағынының 54%-ға оң динамикасы тіркелгенін атап өтті.

“Қазіргі кезде бірқатар инвесторлардың елімізге өз өндірістерін көшіру ниетімен байланысты мүмкіндіктер ашылуда. Министрлер мен әкімдер осы бағытта туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін бар күш-жігерін жұмсасын”, — деді Әлихан Смайылов.

Отырысты қорытындылай келе, Премьер-Министр мемлекеттік органдар мен әкімдіктер барлық жоспарланған инвестициялық жобаларды іске қосу бойынша түбегейлі шаралар қабылдауы тиіс екенін атап өтті.

“Біз инвестициялар бойынша оң динамика болуы үшін алдағы жылдарға берік негіз қалауымыз керек. Бұл жұмыс орындарын құру және экономикамызды әртараптандыру тұрғысынан өте маңызды. Тиісті жұмыстар әр өңірде жүргізілуі тиіс”, — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

12 қаңтардан бастап шетелдік көлікті сақтандыруға тыйым салынады

11.01.2023

Марат Сұлтанғазиев: Облыстың өнеркәсіп көлемінде Балқаш ауданының үлесі — 0,2%

16.07.2022

Қаңтар айында Қазақстан экономикасы 5,6%-ға өсті

15.02.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа