Жәрмеңкеде техникалық оңалту құралдары, оның ішінде коляска, протезді-ортопедиялық құрылғылар, жөргектер және өзге де қажетті тауарды сатып алуға немесе әлеуметтік портал арқылы тапсырыс беруге мүмкіндігін алды.
Жәрмеңкеге Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұрат, әлеуметтік қызмет порталындағы өнім берушілер, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, мүгедектігі бар азаматтар, тұрғындар қатысып, мекемелердің тауарлар түрімен танысты.
Оның ішінде Талғар қаласынан «Medicare international» ЖШС протезді ортопедия орталығы, Алматы қаласынан «Республикалық протезді ортопедиялық орталық» АҚ, Нұр-сұлтан қаласынан «Dosortopedia» ортопедиялық тауар дүкенінің өкілдері, «Еvony Joli» жөргегі, «Molfix балалар жөргегін сататын «Көктем» ЖШСі өкілдері өз тауарларын, «Асар» фитнес орталығы және «Gulsar» ЖК өз қызметтерін ұсынады.
Аталған бағыттағы жәрмеңке республика көлемінде және өңір ішінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр және бұл өз кезегінде мүгедектігі бар жандардың өздеріне қажетті заттарды тек компьютерден әлеуметтік портал арқылы көріп сатып алу емес, өз көздерімен тауарды көріп, сапасын бағалауға мүмкіндік туды.