Аграрлық несие корпорациясы шағын несие беру үшін онлайн өтінімдер қабылдауға кірісті. Бұл фермерлерге үйден шықпай-ақ несиені алдын ала мақұлдауға мүмкіндік береді.
Корпорацияның басым бағытының бірі – несие беру үдерісін цифрландыру. Бұл міндетті шешу үшін несие өнімдері оңтайландырылып, шағын несиеге өтінімдерді онлайн қарау жүйесі әзірленді. Жүйе «Іскер» бағдарламасы бойынша 6 миллион теңгеге дейін несие рәсімдегісі келетін әлеуетті клиенттерге құжаттар жинау мерзімін қысқартуға, филиалға келуді азайтуға, өтінімді қарау барысының сапасы мен ашықтығын арттыруға көмектеседі.
Үйде отырып-ақ шаруа жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы шағын несие алуға өтінім бере алады. Автоматтандырылған жүйе мемлекеттік және өзге де дерекқордың мәліметтерін пайдаланып, әлеуетті қарыз алушының төлем қабілетін тексереді. Бұл ретте, кепіл мүлік онлайн бағаланады. Онлайн несие беруге қатысты қосымша ақпаратты www.agrocredit.kz сайтынан алуға болады.