Сонымен қатар 75,9 мың тонна тоңазытылған құс еті өндірілген. Бұл 2021 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 0,1%-ға көп.
Елімізде құс өндірісінің басым бөлігі Алматы облысына тиесілі. Мәселен, жаңа сойылған құс етінің 16,6%-ы, ал тоңазытылған құс еті 50,6%-ды құрайды.
Айта кету керек, биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша отандық компаниялар құс еті мен қосымша тамақ өнімдеріне сұранысты 71,1%-ға қамтамасыз еткен. Былтырғы көрсеткіш – 68,9%.
Осы кезеңде ішкі нарықта 196,8 мың тонна құс еті сатылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық.