Еңбекшіқазақ ауданыныдағы егістік көлемі 85,5 мың гектардан асып жығылады. Облыста Жамбыл ауданы егістік көлемінен алдыңғы орда болса, Еңбекшіқазақ екінші орында тұр. Аталған өңірде картоп 6,2 мың га, жүгері 25,2 га, көкөніс 9,5 мың га, майлы дақылдар 11,3 мың га ал жеміс-жидектер 9,8 мың га алқапқа егіледі. Яғни, ауданның облыс көлеміндегі үлесі барлық ауылшаруашылық дақылдар егістігінің бестен бір бөлігін, яғни 20 пайызға жуығын құрайды.
Кездесу барысында Марат Елеусізұлы ауданның алма жинаудан алдына қара салдырмайтынын тілге тиек етті.
«Алма жинауда аудан жетекші орынды алады және сіздер осы позицияны сақтап қалуларыңыз керек, өйткені бұл сіздердің тікелей нарықтық мамандануыңыз»,- деді аймақ басшысы.
Ауданда жемістер мен жидектерді өңдеуді тәулігіне 600 тонна қызанақ және 300 тоннаға дейін басқа да жеміс-көкөніс шикізатын өндіретін «Есік жеміс-жидек консерві зауыты» ЖШС-гі жүзеге асырады. Кәсіпорынның жеке өндірістік базасы бар, онда 800 гектар жерде алма, өрік, қызанақ өсіріледі.
Алайда, шикізат тапшылығына байланысты бұл кәсіпорынның жүктемесі 60%-ға жуық.
Шикізат қорының аздығы кәсіпорын жұмысына кедергі келтірмеуі үшін облыс әкімі өзінің орынбасары Арслан Дандыбаевқа өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыру арқылы жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен қамтамасыз ете отырып, оларды қайта жүктеу шараларын қабылдауды тапсырды.