No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бизнес-жоспар құра аласыз ба?

02.10.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Нарықтық  экономика  жағдайында  бизнес-жоспар  кәсіпкерліктің  әр түрлі  сферасында  қолданылатын  іс-әрекет  құралы  болып  табылады.  Бизнес- жоспар   фирма бастықтарының компания табыстылығын арттыру үшін алдына  қойған  мақсаттарына  қалай жету  керектігін көрсетеді.  Дұрыс  жасалған  бизнес-жоспар  фирманың  өсуіне,  нарықта  позицияларға  ие  болуына,  инвестициялар  мен  кредит  ресурстарын  тартуға өз септігін тигізеді, деп жазады kazbusiness.kz.

Бизнес-жоспар  жүйелі түрде  жаңарып отырады,  оған  фирма  ішіндегі  және  фирма  жұмыс атқаратын  нарықтағы  өзгерістер  әсер еріп отырады.  Осылайша, бизнес-жоспар  кәсіпкерге  өз  ісінің  жетістігін  фирма  ішілік  және макроэкономикалық  зерттеулер  негізінде  бағалауға,  сонымен  қатар  ағымдық   операцияларды  қадағалауға,  көмектеседі. Бизнес-жоспар  нарық  жағдайындағы  ең  қажетті  құрал  болып  табылады.  Оның  себебін  төменде  келтірілетін  бизнес-жоспардың  мақсаты  мен  атқаратын  қызметінен  көруге  болады.

Бизнес-жоспар  құрудың   негізгі  мақсаты  –   фирманың  қысқа  мерзімге  және  ұзақ  мерзімге  нарықтық  қажеттіліктеріне  сәйкес  шаруашылық  іс-әрекетті  жоспарлау  және  қажетті  ресурстарды  тарту  болып  табылады.  Бизнес -жоспар  құрудың  басқа  мақсаттары  әр  түрлі  болуы  мүмкін,  мәселен:

  • белгіленген  нәтижелерге  жетудің  жүзеге  асу  дәрежесін  анықтау;
  • белгілі  бір  тұлға  топтарына   жұмыс  атқарып  тұрған  фирманың  іс-әрекетін  қайта  ұйымдастыру  немесе  жаңадан  құрудың  мақсаттылығын  дәлелдеуҮ
  • компания  қызметкерлерін  жобада  көрсетілген  сапалы немесе  сандық көрсеткіштерге  жету  мүмкіндігіне  көндіру;

Бизнес-жоспар  кәсіпкерге  фирманың  қызмет  етуімен  байланысты  келесі  тапсырмаларды  шешуге  көмектеседі :

  1. іс-әректтің  наақты  бағыттарын  анықтау;
  2. өнімді  өндіруге  және  өткізуге  кететін  шығындарды  анықтау, ол  шығындарды  жобаның  потенциялды  пайдасын  анықтау  үшін  өнім  сатылатын  бағамен  салыстыру;
  3. фирма  кадрларының  фирмаға  сай  келетіндігін  және  алға  қойған  мақсаттарға  жету  үшін  жұмысшылар  еңбегінің  мотивизацияларын  анықтау;
  4. фирманың  материалдық  және  қаржылық  жағдайын  зерттеу  және белгіленген  мақсатқа  жету  үшін  фирманың  материялдық  және  қаржылық  ресурстары  сай  келетінін, келмейтінін анықтау;
  5. бизнес-жоспардың  іске  асуына  кедергі  болатын  қиындықтарды  алдын ала  анықтау  және тәуекелдерді  есептеу;

Қазіргі  практикада  бизнес-жоспар  төрт  түрлі  қызмет  атқарады. Оның бірінші қызметі   бизнестің   стратегиясын  құруға  бизнес  жоспарды  қолдану  мүмкіндігімен  байланысты.   Бұл  қызметті кәсіпорынды  құрған  кезде  және  іс-әрекеттің  жаңа  бағыттарын  ойлап  тапқан  кезде  өте  маңызды  рөл атқарады.

Бизнес-жоспардың  екінші  қызметі – жоспарлау.  Ол  жаңа  іс-әрекет  бағытының  даму  мүмкіндіктерін  бағалауға  және  фирма  ішіндегі  процестерді  бақлауға  мүмкіндік  береді.

Үшінші  қызметі  ақша  саудалар  және  несиелер  тартуға  өз  септігін  тигізеді.  Қазіргі  кезде  көп  жағдайда  белгілі-бір   жобаны  несиесіз  жүзеге  асыру  мүмкін  емес .  Ал  несие  алу   оңай  емес .  Сондықтан  дұрыс  құрылған  бизнес-жоспар  несие  алуда   шешуші   фактор  болып  табылады.

Төртінші  қызметі  компания  жоспарын  жүзеге  асыру  үшін  өндіріске  өз  капиталын  немесе  өзінде  бар  технологияны  салғысы  келетін  потенциялды  әріптестер  тартуға  мүмкіндік  береді.  Әріптестер  өз  капиталын  немесе  технологиясын  өндіріске  компанияның  белгілі-бір  уақыт  мерзіміндегі  даму  бағытын  көрсететін  бизнес  жоспардың  болғанында  ғана  салады.

Фирма  ішілік  жоспарлау  кез келген  кәсіпорынның  көлеміне  қарамастан  оның  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Бизнес-жоспар  нақты  жағдайда  бизнесті  бастауға  немесе  кеңейтуге  керекті  талдау  мүмкіншіліктерін  көрсетеді  және  іскер  әріптестерді  тартуда ,  біріккен  кәсіпорындар  құруда  үлкен  рольге  ие,  яғни,  бизнес-жоспарды  дайындау  және  тиімді  қолдану  ең  маңызды  іс-әрекеттердің  бірі  болып  тадылады .   Бұл  жоспар  менеджермен ,  жетекшімен,  фирмамен  немесе  фирма  топтарымен  құрылуы  мүмкін.  Көп  жағдайда  бизнес  жоспарды  дайындау  барысында  потенциялды  әріптестер  және  инвесторлар  анықталады.

Бизнес-жоспар  екі  негізгі  жолмен  құрылады.  Бірінші  түрінде  бизнес-жоспар  жалдамалы  мамандар  тобымен  құрылады,  ал  жобаның  иницияторлары  мен  алғашқы  тек  алғашқы  мәліметтерді  дайындайды.  Екінші  түрінде  бизнес-жоспарды  инициатордың  өзі  құрады,  ал  методикалық  ұсыныстарды  мүмкін  болатын  инвесторлардан  алады.

Бизнес  жоспарды  фирмаішілік  және  оның  сыртындағы  преспективті  жағдайлар  бағаланады.  Бизнес-жоспар,  әсіресе,  басшылыққа  акционерлік  меншік  жағдайында  дұрыс  дұрыс  бағыт  таңдауға  өз  септігін  тигізеді.  Себебі,  бизнес-жоспардың  көмегімен  компания  жетекшілері  пайданың  жинақталуы  және  акционерлер  арасында  дивиденттер  түрінде  бөлінуі  туралы   шешімдер   қабылдайды.   Бұл    жоспар   фирманың ұйымдастырушылық -өндірістік  құрылымын  дамыту  және  жетілдіру  туралы  іс- шараларды  жүргізуде  қолданылады.

Фирмаішілік  қызметімен  бірге  бизнес-жоспарлау  макродеңгейдегі  жоспарлау  стратегиясын  анықтауда  үлкен  мағынаға  ие  болып  келеді. Кәсіпорындардың  ұзақ  мерзімді  бизнес-жоспарлары  экономиканы  мемлекеттік  реттеу  шеңберінде  ұлттық  саяси  жоспарлауды  құрудағы  негіз  болып  табылатын  информациялық  базаны  құрайды. Яғни,  көп  жағдайда  бизнес-жоспар  фирма  ішіндегі  немесе  фирма  сыртындағы  жағдайларды  бағалауға  және  инвестициялар  іздеуде  қолданылады.  Ол  ірі  кәсіпкерлерге  басқа  фирманың  акциясын  сатып  алу  көмегімен  өз  жұмысын  кеңейтуге  көмектеседі ,  сонымен  қатар  жалпы  мемлекеттік  жоспарлау  стратегиясын  құруға  негіз  болып  табылады.

Практика  жүзінде  бизнес-жоспарды  процесс  ретінде  жүзеге  асыру  үшін  оның  принциптерін  білген  жөн:

  • ИКЕМДІЛІК.  Яғни,  ұйым  өмір  сүретін  ортада  болып  жатқан  өзгерістерге  оңай  бейімделгіштігі;
  • КОММУНИКАТИВТІЛІК – барлық  іс-әрекеттердің  үйлесімділігі  мен  бірлігі;
  • КӨПВАРИАНТТЫЛЫҒЫ – белгіленген  мақсатқа  жету  үшін  альтернативті  мүмкіншіліктердіңішіндегі  ең  жақсысын  таңдау;
  • ҚАТЫСТЫҒЫ – жоспаролау процесін  ұйым  жұмысшылары  көзқарасымен  сәйкестендіру;

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматыдағы «Тұлпар» базары сәуірден бастап жабылады

10.03.2023

ҰБТ-2023: Үміткерлерді қандай өзгерістер күтіп тұр?

13.05.2023

Орнықты әрі сенімді құпиясөздерді қалай жасауға болады?

28.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа