Гүлназ Шакенова «Атамекен» палатасы арқылы «Бизнес Бастау» негіздерін оқып шығып, бизнес негіздерін меңгергені туралы сертификат алған. Нәтижесінде, 1 225 200 теңге қайтарымсыз грант иеленіп, жеке ісін қолға алған. Бүгінде асханалық кәсіппен айналысуда.
“Бизнесімді мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау арқылы бастадым. Енді оны одан әрі табысты жүргізуге талпыныс, еңбек, табандылықпен қатар, қазіргі интернет желісінің де мүмкіндіктерін мол пайдаланып отырмын. Инстаграм желісінде парақша ашып, жұмысты жалғастыруды қолға алып жатырмын”, – деді Гүлназ.
Айта кетейік, Гүлназ Жеңісбайқызы 43 жасында он қыз, 4 ұлды тәрбиелеп, 3 немере сүйіп отырған асыл ана.