Қазақстанның сыртқы қарызы 164 миллиард доллардан асып кеткен, деп хабарлайды kabusiness.kz ақпарат агенттігі. Ұлттық банк мәлімдемесіне сілтеме жасап.
“Қазақстанның ІІ тоқсандағы сыртқы қарызы 2022 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2,3%-ға өсіп, 164,2 млрд долларды құрады”, – делінген Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған баяндамада.
Құжатқа сәйкес, елдің сыртқы қарызы негізінен жеке сектор – банктер мен басқа секторлардың қарызы есебінен 4 миллиард долларға артып, 129,15 миллиард долларға жеткен.