Студенттерге арналған үздік бизнес идеялардың ең тиімдісін назарларыңызға ұсынамыз. Қандай бизнес бастарыңызды білмей, ойланып жүрген болсаңыз, сізге керек дерек осында. Кез келген адам есейе келе ата-ананың қамқорлығынан шығып, өз бетінше өмір сүруге бейімделе бастайды. Тіпті, оқушы кезінен өзінің сүйікті ісін кәсіпке айналдырғандар қаншама? Қазіргі таңда табыс табудың мүмкіндіктері өте көп.
Назарларыңызға ұсынылатын бизнес идеяларды аз ақшамен де немесе мүлдем ақшасыз бастауға болады.
1. Гаджеттерді, ұялы телефондарды жөндеу орталығы
Гаджеттерді, ұялы телефондарды жөндеу — ЖОО-да оқитын студенттер үшін таптырмас бизнес. Ол екі жолмен жүргізіледі:
- бір реттік қосымшалар мен бағдарламаларды орнату, клиенттерді құрылғылармен жұмыс істеуге үйрету;
- шағын жөндеу жұмыстары.
Шеберхананы кез келген жерден ашуға болады. Жөндеу жұмыстарын жақсы меңгерген болсаңыз, ай сайын таза табысқа шығып отырасыз.
Кәсіпкердің міндеті — өнімді тарату және сенімді серіктестік құру.
2. Курьерлік қызмет
Студенттер үшін ақшасыз бастауға болатын бизнес қызықтыра ма? Онда достарыңызбен бірлесіп, курьерлік қызмет көрсететін істі бастап көріңіз. Серіктестер ретінде, әртүрлі мерзімде оқитын студенттерді таңдаңыз. Өйткені тапсырыстарды қабылдау және тапсырманы орындау жеңіл болады.
Басында айтып өткеніміздей, істі бастау үшін ешқандай ақша салмайсыз.
3. Курстық жұмыс, реферат жазу
Бұл бизнес нағыз студенттерге арналған жұмыс. Сіздің біліміңіз жеткілікті деңгейде болса, неге байқап көрмеске? Бір жағынан өзіңізге де пайдалы. Достарыңызға да көмегіңіз тиеді. Әрине, ақылы түрде. Белгілі бір пәндерге қатысты дәрістер жинағын, шпаргалкалар жасап сатуға болады.
Ескертетін жағдай, дайындаған қызметіңіздің барлығын қағаз түрінде шығарып, өткізуіңізге тура келеді. Сол себепті тапсырма алған бойда қызметіңіздің жарты ақшасын алдын ала төлеуін сұраңыз. Бұдан өзге бұл бизнесте шығындар жоқ. Ал табыс көлемі әрбір семестр сайын артып отырады.
4. Макияж, шаштараз қызметі
Дәл қазіргі уақытта сән әлемі бизнесті дамытудың ең қолайлы ортасы болып отыр. Ол үшін алдымен өзіңіз визажистің курсын оқып, тәжірибе жинақтауыңыз керек. Одан кейін қажетті құрал-жабдықтарды алып, бірден іске кірісуіңізге болады.
Бастапқыда бұл бизнеске ақша салуға тура келеді. Арнайы орын жалдамасаңыз да, шақырту бойынша барып қызмет көрсетуіңізге болады. Сұранысқа ие сала болғандықтан, табыс күнделікті түсіп отырады.
5. Контент сату
Ең қарапайым бизнес түрі. Алайда ерекше ақыл-ой мен шығармашылықты қажет етеді. Егер сіздің бойыңыздан осы қасиеттер табылса, қиындық тудырмасы анық. Мысалы, өзіңіз жазған мақаланы, салған суреттеріңізді, өзіңіз түсірген авторлық фотоларыңызды, жасаған логотиптеріңізді сатуға болады.
Тапсырыстарға ақылы қол жеткізуді ұсынатын алаңдарға тіркелуді қоспағанда, бастапқыда ақша салудың қажеті жоқ.
6. Сайт жасау
Сайт құрастыру бойынша бизнесіңізді арнайы бағдарламалау тілін меңгермей-ақ ашуға болады. Қазіргі таңда студенттердің көпшілігі осы бизнес түрін меңгеруге бейім.
Сайт құрудың бағдарламалары да түсінікті және қарапайым. Олардың ішдегі ең танымалдылары — Wix, Tilda, uKit, Nethouse.
7. Репетиторлық қызмет
Егер сіз болашақ педагог болсаңыз, біліміңізді шыңдап және одан табыс табуға жақсы мүмкіндік. Ең бастысы сіздің біліміңіз жеткілікті деңгейде болу керек.
Бұл бизнесті ақшасыз бастап кетуге болады, есесіне білім үйреткен әр сағатыңызға ақша аласыз. Қазіргі таңда репетиторлық қызмет бойынша қашықтықтан онлайн оқытуға болады. Бұл бір шетінен сіздің уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдейді.
8. Құпия сатып алушы
Студент тағы қандай бизнестің көзін таба алады деп ойланып отырсыз ба? Онда достарыңызбен бірлесіп, құпия сатып алушылар агенттігін құрыңыз. Кеңсе жалдамай-ақ жұмыс істеуге болады.
Ең бастысы, өзіңіздің жеке сайтыңыз немесе әлеуметтік желіде танымал парақшаңыз болса жетіп жатыр. Егер олай болмаса, жарнамаға аздап шығындалуыңызға тура келеді.
9. Инстаграмдағы жеке блог
Студенттер үшін танымалдылыққа жол ашатын ең оңтайлы бизнес түрі Инстаграмда жеке блог құру. Парақшадағы оқырмандар саны мен белсенділікті арттыру үшін масслайкинг, массфоловинг, таргетинг, гивтерге, марафондарға қатысу сынды жұмыстар атқаруыңыз керек.
Егер сіздің контентіңіз қызық және сұранысқа ие болса, жарнамалау арқылы пайда табуыңызға болады. Ісіңіз ең бастысы өзіңізге ұнауы тиіс.
10. Handmade
Қолмен жасалған бұйымдарды сату жақсы табыс әкеледі. Бастапқыда жұмысқа қажетті заттар үшін шығындалуыңыз заңды. Алайда сіздің өніміңіз сапалы дайындалған болса, бірден сұранысқа ие өнімдердің қатарынан табылатынына күмәнданбаңыз.
Студенттерге арналған кәсіп түрлерінің бірнеше нұсқасын назарларыңызға ұсындық. Айтылмай қалғандары қаншама? Ең бастысы ұсынылған бизнес түрлерін кез келген адам игере алады. Және бастапқыда көп ақша салмай-ақ бастап кетуге болады. Сол себепті табыс табудың бірнеше тәсілін байқап көріп, жаныңызға қайсысы жақын екенін анықтаңыз.