No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Құрылыс саласымен айналысатын кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алудағы демпингке қарсы

03.11.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауында мемлекеттік сатып алу процесін толығымен қайта қарау, тендерде ең төменгі бағаны емес, сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын бірінші орынға қоюды тапсырды. Соған орай «Атамекен» ҰКП тарапынан құрылыстағы мемлекеттік сатып алу саласына тұрақты мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы Ұлттық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық палатаның алаңында Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы қызмет етеді. Оның жұмысына салалық қауымдастықтар, бизнес субъектілері, уәкілетті мемлекеттік органдар және ҰКП мамандары  қатысады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының м.а. Ирина Манжанованың айтуынша, уәкілетті органмен бірлескен жұмыстың нәтижесінде жұмыс тобы құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалауға конкурстық өтінім бағасын төмендетудің рұқсат етілген шегін төмендете алды. Сонымен қатар жеңімпазды анықтаудың негізгі критерийі ретінде төленген салық көрсеткішін алып тастау, орындалған жұмыстар актілеріне авторлық және техникалық қадағалаулармен қол қою мерзімдерін белгілеуге қол жеткізді.

«Атамекен» ҰКП командасы мұнымен тоқтамайды. Ең маңызды мәселелердің бірі – құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуда конкурстық өтінім бағасын төмендету мүмкіндігін болдырмау.

«Бұған дейін Ұлттық палата осы ұсынысты көтерген. Алайда құрылыс-монтаждау жұмыстарына белгіленген шекті 10%-дан 5%-ға дейін, жобалауға 15%-дан 10%-ға дейін төмендетуге қол жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, кәсіпкерлер құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алудағы демпингке қарсылығын білдіреді», – деді Ирина Манжанова орталық мемлекеттік органдармен съез алдындағы жұмыс кездесуінде.

Қазіргі кезде әлеуетті өнім берушілер конкурстық өтінімнің бағасын төмендетуге мәжбүр. Өйткені жеңілдік берілмеген жағдайда байқаудан өтудің одан әрі мүмкіндігі алынып тасталады. Жеңімпазды анықтаудағы басты критерий – баға.

Кәсіпкерлердің өздері де мемлекеттік сатып алу туралы заңды өзектендіру қажеттілігі туралы айтып отыр.

«Қазақстанның республикалық жобалаушылар одағы» өзін-өзі реттейтін ұйым төрағасының орынбасары Мюаш Бисарованың айтуынша, жобалаушылар одағының өкілдері мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына белсенді қатысады және жүйелік сипаттағы, оның ішінде шарт жасалғаннан кейін 30% аванс төлеуді көздейтін жобалау ұйымдарының жұмыстарына ақы төлеудің кезеңдік жүйесін белгілеу мәселелерін көтереді.

«Президент мемлекеттік сатып алуда арзан баға емес, сапаны бірінші орынға қою туралы айттты. Сондықтан біздің квазимемлекеттік сектордағы сатып алуда демпингті алып тастау өтінішіміз елеусіз қалмайды деген ойдамыз. Нақты бағасынан төмен бағада ұсынылған жұмыс сапалы орындалмайды», – деді Мюаш Бисарова кездесу барысында.

Айта кету керек, құрылыс саласындағы конкурстық өтінім бағасын төмендету мүмкіндігін болдырмау мәселесінен басқа, «Атамекен» ҰКП кезең-кезеңімен құрылыс кезінде авансты қайтару мерзімдерін белгілеу және тапсырыс берушінің аванстық қамтамасыз ету, бюджеттік инвестициялық жобалаудың тапсырыс берушілерінің тиімсіз жоспарлауы мен қаржыландыруы және сол үшін тапсырыс берушінің жауапкершілігінің болмауы мәселелерін пысықтайды.

Мемлекеттік сатып алу саласында бизнес көтеретін проблемалардың жиынтық шешімі құрылыс объектілерінің сапасын арттыруға, мемлекеттік сатып алудың ашықтығын арттыруға және нарықтың барлық қатысушылары үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Еңбекшіқазақ ауданының диқандары өнімдерін сата алмай отыр

08.09.2022

Қаратал ауданында акустикалық мұздату зауыты салынады

13.07.2022
фото: ашық дереккөз

Kaspi тағы да үздік банк атанды

29.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа