Елімізде “Ақылды үй” жүйелерінің негізін қалаушыларда жоқ емес. Соның бірі, кәсіпкер Данияр Тайыр.
Мамандығы бойынша мұнай және энергетика саласында бірнеше жыл қызмет істеген. Кейін 2 жыл Түркияда IT технологиялар саласында жұмыс істеу мүмкіндігі туған. IT саласында жүргенде көптеген әлемдік тәжірибесі бар мамандармен кездестіп, мол тәжірбие жинаған жан. Сол кезден IT-ге қызыға бастаған. 2011 жылы осы салаға ойыссам деген ойға келеді, алайда нан жейтін мамандығымның қағазын қолыма алған адаммын, арнайы оқуын оқығандықтан қызметімді жалғастырайын деген ойға тоқталады.
Түркиядан келген соң 4 жыл логистика саласын басқарса, құрылыстың қайнаған қазанына араласу да тәлейіне жазылған еді.
Үйлер салу еліміздің қарқынды дамып жатқан бағыты екенін баршаға мәлім. Құрылыста қызмет етіп жүріп ақылды үй жүйесімен танысады. IT саласына деген махаббаты қайта оянады. Бірден “мен өзімді таптым” дейді, кейіпкер. Жаңадан дамып келе жатқан бағыт. Өте қызықты сала. Бір кнопкамен үйіңіздің барлық коммуникациясын басқару керемет емес пе? Болашағы бар сала екені анық. Болашақта біз бәріміз осыған келеміз. Aqyldy ui біздің өміріміздің ажырамас бөлшегі болады!
Комфорт ұғымының аясы кеңейіп келе жатыр. Адамдар да комфорт деңгейін таңдауға бейімделуде. Бұл өсу мен дамудың бірден бір белгісі. Бассейндегі ауа мен судың температурасын, хлордың мөлшерін біртетікті басу арқылы бақылауға болады десе біріңіз сенесіз, біріңіз сенбейсіз. Үйден шығып кеткенде су ағып кетіп, көршілерді су басып кетуден, мүліктің бұзылуынан арнайы датчиктер сақтайды. Өрт қауіпсіздігі де өршіп тұрған мәселе. Ауаға түтіннің иісі шықса, датчиктер газды, электр көзін ажыратады. Балалар үйде болған кезде де Алиса дауыс қосымшасы арқылы алаңдамай, үйдегі жағдайды біліп отырасыз. Aqyldy ui құрылғылары сымсыз және кабельмен тартылатын компоненттерден тұрады. Егер үйіңізде жөндеу жұмыстары аяқталған болса, сымсыз құрылғыларды орнату арқылы ақылдыландырады. Ал, егер жөндеу жұмыстарымен қатар орнатылатын болса, арнайы кабельдер тартылады.
«Цифрландырудың маңызын түсінбейтін адам кем де кем. АҚЫЛДЫ ҮЙ жүйелерін цифрландыруда ең алдымен заманауи, халыққа икемді жолды таңдады. Қажеттіліктердің тез өзгеріп, дамып келе жатқан заманында ақылды үй ертең-ақ must have болады. Біз серіктестерімізді дайын платформамен күтіп алуды жөн көрдік. Барлық ақпарат бір жерге жиналған, өте ыңғайлы да ауқымды қосымшамыз дайын тұр, 3000-нан аса пәтерде aqyldy ui жүйесі орнатылған. Еңбектенуге, ақылды үй саласында дамимын деген жанға дайын базамыз бар, тек қолданып жұмыс істеп кету ғана қалды. Бұл салаға неғұрлым ерте келген тұтынушы, соғұрлым тез өседі, тез табыс табады. Біз казір B2В секторымен бірге B2С секторымен де жұмыс істейміз. Aqyldy ui жүйесін жаппай нарыққа енгізу мақсатымыз. В2В секторын қамтып, енді жеке-жеке клиенттермен жұмысты бастадық. Сол үшін біз жаңа серіктестер өте қажет. Себебі, нарық үлкен, клиент көп. Тек бізбен серіктес бол да, жұмыс істе. Бәрі дайын!»,-дейді Данияр Тайыр.
Әрине, жаңа технологиялар саласы болған соң, жаңа серіктестерге қояр шарттар да бар:
- Қаржылық мүмкіндіктер – серіктес болғыңыз келсе, бұл салаға құятын қаржы маңызды
- интеллектуалдық мүмкіндіктер – білім, интеллект, дағды. Жаңа салада жұмыс істеуге, оны дамытуға қаншалықты дайынсыз, алып кете аласыз ба, міне ең маңыздысы осыда.
Жасаймын деген адамға жұмыста, тұтынушыда табылады.
Данияр Тайырдың сөзіне сүйенсек, оларға серіктес болғысы келетіндерге улкен қолдау көрсетіледі екен. Мәселен:
– клиентпен дұрыс диалог құруға арнайы техниканы үйрету;
– жаңа жобадан айырылып қалмау үшін жасалатын да техника түрлерін меңгеру;
– клиентпен сауда-саттық жағын дұрыс ұйымдастыру жағы, aqyldy ui жүйесін тарту;
– жұмысты ретімен ұйымдастыру;
– біз жасаған қателіктерден сізді сақтандыру;
«Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» деген халық даналығы бар. Табыс табамын, қызмет етемін дегендер үшін ақылды үй саласында мол табыс бар. Қазақстанның қай аймағында болмасын ақылды үйге сұраныс жоғары.
Статистикаға сүйенсек, 2023 жылы әр үйде 2 дауыс көмекшісі жұмыс істейді. Әлемдік нарыққа көз жүгіртсек, 2020 жылы ақылды үйдің сауда көлемі 78,8 млрд долларды құраса, 2026 жылы 207,8 млрд долларға өседі. Мұндай сауда айналымы ірі салаларға ғана тән екені белгілі. Сондықтан ақылды үй саласына неғұрлым ерте келсеңіз, соғұрлым табысты боласыз.