No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жиһаз өндірісі бойынша Алматы облысы үздік үштікте

2022 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында елімізде жиһаз өндірісі 46,7 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдан 1,8 миллиард теңгеге көп.  Жиһаз өндірісінің ең көп көлемі Алматыда байқалды. Ол 13,4 млрд теңгеге тең, бірақ өткен жылдан 33,6%-ға төмен. Жетекші үштікке Алматы облысы (3,5 млрд тг, 34,9%-ға көп) және Павлодар (3,5 млрд тг, 32,3%-ға артты) облыстары кірді.

11.11.2022
Жаңалықтар
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаз өндірісі (56,9 мың өнім, жылдық өсім 35,5%), мен ас үй жиһазы (73 мың өнім, 20%-ға көп) айтарлықтай өсті. Орындық және басқа да отыруға арналған жиһаз түрлерін шығару бір жылда 10,6%-ға, яғни 869,1 мың бұйымға дейін өсті.

Ағаштан жасалған кеңсе жиһазы (42,3%-ға аз, 173,3 мың бұйым) және кереуеттер мен шкафтардан басқа жатын бөлмеге арналған ағаш жиһазы (24,5% кему, 30,2 мың бұйым) өндірісі кеміді.

Биыл Қазақстанға 237,7 млн доллар сомасына үйге арналған 85,8 мың тонна жиһаз бұйымдары импортталды. Импорт заттай 2,1%-ға, ақшалай 6,2%-ға өсті.

Импорттың негізгі көлемін ТМД елдері қамтамасыз етті: ол 78,3%-ға тең. Жыл басынан бері  осы елдерден 67,2 мың тонна жиһаз импортталған. Өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға төмендеді. ҚР үшін негізгі жеткізуші – Ресей. Ол 36,4 мың тоннаға тең, өткен жылмен салыстырғанда 27,9%-ға аз. Жетекші жеткізушілердің үштігінде Беларусь пен Украина бар.

ТМД құрамына кірмейтін елдерден 90 млн доллар сомасына 18,6 мың тонна жиһаз әкелінді. Оның көп бөлігі Қытай мен Түркиядан келеді.

Елімізде жиһаз өнімдерін тұтыну нарығы өткен жылы 221 млрд теңгеге жетті.

Сарапшылар халықтың өсуі, көші-қон, кірістердің ұлғаюы, инфрақұрылымның кеңеюі, сондай-ақ жаңа тұрғын үй жобалары мен коммерциялық үй-жайлар салу көлемінің өсуі есебінен жиһаз өнімдерін тұтынудың тұрақты өсуін болжап отыр.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазір қарамаңыз.Рецессия басталды.Қауіпті еңбек нарығы.- Forbes

05.05.2025

“Жоспардың 50%-ы әлі орындалмаған”: қай өңірде қаражатты нашар игеріп жатыр?

25.07.2023

Елімізде сүт пен ет импорты бәсеңдеп келеді

13.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа