Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,8 % , ал қызмет көрсету саласында 1,6 % болған.
“Оң өсу қарқыны ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау салаларында тіркелді”, – деді министр.
Сөзінше, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 6,7%-ке жеткен.
“Экономиканың негізгі салалары бойынша инвестициялар көлемі өнеркәсіпте 4,1%, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 13,7%, сондай-ақ ауыл шаруашылығында – 7,4%, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 14,7%, көлік және қоймалауда – 8,5% ұлғайды”, -деді ведомство басшысы.