Инфляция алдағы 1-2 жылда төмендеуі мүмкін. Оған дейін баға нарығындағы ахуал тұрақталуы екіталай. Бұл туралы еліміздің экономистері мәлім етті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“Қазақстанда инфляция жарты жылда төмендей қоймайды, алайда келесі жылы төмендейді деген үмітім бар, деді экономист Олжас Құдайбергенов.
Инфляцияның төмендемеуіне бірден-бір себеп – әлемнің барлық еліндегі бағаның өсуі.
Яғни сырттан әкелген тауармен бірге қымбатшылық келеді деген сөз. Сарапшылар бұл бағытта жағдайды реттеу үшін өзіміздің өндірісті дамыту керек дейді.
Бұдан бөлек пайыздық мөлшерлемені де біртіндеп төмендетуді ұсынып отыр. Алайда, осы айтылғандардың бәрі ұзақ мерзімдік қадамдар. Сол себепті кемінде 1 жылдан кейін нәтижесін көруге болады деген болжам жасайды. Мамандар Украина мен Ресейдегі ахуал өз алдына, Қытай мен Тайвань арасындағы шиеленіс ширыға түссе, әлемдік экономикаға кері әсер етуі мүмкін екенін де еске салды.