2022 жылы қаңтар-қыркүйекте ҚР-да жұмыртқа өндірісі 3,8 млрд данаға жетті. Жұмыртқа өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық.
Солтүстік Қазақстан облысы өндірістен көш бастап тұр. Онда өндіріс 559,9 млн жұмыртқаға жетіп, жылдық өсім 40,7%-ға тең болды. Осы көрсеткіш бойынша үздік үштікке Ақмола (555,5 млн жұмыртқа, 7,4%-ға аз) және Қарағанды (472,9 млн жұмыртқа, 2%-аз) облыстары да кірді. Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар халық сұранысын 96,3%-ға қамтамасыз етті.
Импорт сәйкесінше 3,7%-ға тең. Елге жыл басынан бері 130,8 млн жұмыртқа әкелінді, өткен жылға қарағанда 30,9%-ға аз.
Экспорт 2,2 есе, яғни 184,5 миллион жұмыртқаға өсті.
Ішкі нарықта сату да өсті, бірақ өсім небәрі 0,7%.
Биыл бірінші санаттағы жұмыртқалардың бағасы бір айда 6,3%-ға және бір жылда 14,8%-ға өсті.
Баға өсімі Ұлытау облысында байқалды, бірден 19,8%-ға қымбаттаған. Бұдан кейін Павлодар (14,7%) және Қызылорда (13,6%) облыстарында жұмыртқа қымбаттаған.
Жұмыртқа бағасы тек Алматы облысында өзгермеген.
Жылдық динамикада жұмыртқалар Қызылорда облысында 52,2%-ға, Қостанай облысында 34,1%-ға, Батыс Қазақстан облысында 32,5%-ға қымбаттады. Алматыда, керісінше, 4%-ға, ал Жетісу облысында 0,4%-ға төмендеді.