Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 6 айда мемлекеттік еңбек инспекторлары 10 мыңға жуық жұмысшының құқығын қорғады.
1 шілдедегі мәлімет бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары елдегі 499 кәсіпорнында 12,6 мың жұмысшы алдында 2 миллиард 845 миллион теңгеден астам жалақы бойынша берешекті анықтады.
Кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 414 нұсқама беріліп, 67,9 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Жалпы, 9,9 мыңнан астам жұмысшының құқы қорғалды. Оларға 2 млрд 319,7 миллион теңге төленді.