Бойындағы еңбекке деген жігері оның 20 жасында кондитер атануына ықпал етті.
Мемлекеттік гранттың шарапаты тиген ұлан бүгіндже жеке кәсіпкер. Қазіргі таңда өзінің жеке кондитерлік цехі бар. Жұмысының тасы өрге домалап-ақ тұр.
Оңтүстіктің сырбаз жігіті тынымсыз еңбектің арқасында көздеген мақсатыма алғашқы қадамдарды жасадым дейді.
Тұтынушының талабынан шығу үшін үнемі ізденісте болған бозбала, кәсіп ашу үшін алғашында ауылдағы дүкендерді жаяу шарлап, өнімі сөрелерден орын алуына келіссөздер жүргізген.
«Бір есік жабылса, екінші есік ашылады, мойымау керек»,- дейді өзі.
Бүгінгі таңда аудандағы дүкен мен супермаркеттерге өнімдерін тұрақты түрде жеткізіп тұрады. Қазіргі күні «Nurzada» деген атауы бар, Русланның өнімдерін аудан тұрғындары танып қалған. Сонымен қатар, онлайн тапсырыс қабылдап, жаста болса өз кәсібін дөңгелетуде.