Биыл Қазақстанда балық пен теңіз өнімдерінің бағасы 24,3%-ға көтерілді. Жаңа ауланған және салқындатылған балық 17,4%-ға, қатырылғаны 16%-ға, консервіленгені 31,3%-ға қымбаттады деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Статистикаға сенсек, 2022 жылы балық пен теңіз өнімдері қымбаттаған өңірлер – Павлодар облысы (42,5%), Маңғыстау облысы (38,1%) мен Шымкент (32,5%). Ал Абай облысында баға 12,9%-ға ғана өскен.
Былтыр Қазақстан жұрты 2020 жылға қарағанда балық пен теңіз өнімдерін аз жеген.
2022 жылы халық көп тұтынып жүрген азық-түлік түрлері былтырмен салыстырғанда әлдеқайда қымбаттады.