Ол өз сөзінде , іскер азаматтарымыздың кәсіпкерлік рухына зиянын тигізетін жасанды кедергілер мен шектеулердің бәрін жою басты міндет екенін жеткізді.
«Кәсіпкерлер бизнеске жүргізілетін себепсіз тексерулерді біржолата ұмытуы қажет. Олар тек салық органдарының алдында ғана есеп береді»,- деді Тоқаев.
Сонымен қатар Президент мемлекет пен бизнес – сенімді серіктестер екенін айтып, шағын және орта бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретіндердің бәрі заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылатындығын ескертті.
« Біз ауқымды индустрияландыруды, инфрақұрылымдарды салуды және жаңғыртуды қолға аламыз. Кең байтақ еліміздің әр өңірінің дамуына тың серпін беру маңызды»,- деп түйіндейді ол.