Қаражат өңірлерде азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құруға және қолдауға жұмсалмақ.
Абай, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарында азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құру үшін Үкімет резервінен 5 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.
Жобаға сәйкес, Абай облысына бұл соманың 2 млрд теңге үлесі берілсе, қалған облыстар 1 млрд теңгеден алады.