ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті «АНК-Энерго» ЖШС директоры Түлкібаев Б.Т.-ға қатысты 601,5 млн теңгеге жуық сомаға бюджетке салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Нәтижесінде сот үкімімен Түлкібаев Б.Т. кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды,- делінген хабарламада.
Мәліметке сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ЖШС-нің 285,8 млн теңге мүлкіне тыйым салынды.