Талдау нәтижесіне сәйкес, бос жұмыс орындарының ішінде жалақысы 570 мың теңгеден асып кеткендердің саны 10%-ды құрады. Олардың 48% – ы сату менеджерлеріне арналған бос жұмыс орындары (алайда, ай сайынғы табыс әртүрлі болуы мүмкін, өйткені бұл әдетте пайыздар мен жоспардың орындалуына байланысты), 15% – әзірлеушілер мен бағдарламашыларға, 12% – құрылыс және жылжымайтын мүлік саласының мамандарына, 9% – топ-менеджменттерге, 7% – көлік қызметкерлері мен логистерге арналған.
Бос жұмыс орындарының басым көпшілігі Алматыда – 46%. Одан әрі Астана (29%), Қарағанды (4%), Шымкент (3%) және Атырау (2,5%) қалаларында.
Кейбір жұмыс берушілер мықты кандидаттарға миллиондап төлеуге дайын.
2022 жылға арналған ең жоғарғы 5 ұсыныс:
1.Астанадағы алтын өндіруші холдингтің HR директоры – 3,5 миллионнан 4,1 миллион теңгеге дейін алады. Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам.
2. Ақтөбедегі сату бөлімінің басшысы салығын алып тастағанда, 500 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейін алады. Қажетті жұмыс тәжірибесі 3-6 жыл.
3. Астанада PHP жетекші әзірлеуші, салық төлегенге дейін 4400 доллардан бастап жалақы алады. Қажетті жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам.
4. Алматыда хирург-имплантолог дәрігердің жалақысы, қолына 1,5 млн-нан 3 млн-ға дейін жетеді. Қажетті жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам.
5. Алматыдағы элиталы жылжымайтын мүлік сату маманы қолға 500 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін. Қажетті жұмыс тәжірибесі 1-3 жыл.