Жеке кәсіпкерлерді қосқандағы бизнес субъектілерінің жиынтық қарыздары 2022 жылғы қазанда 1,1%-ға ұлғайып, 9,0 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, ШОБ субъектілеріне қарыздар 1,2%-ға 5,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Ірі бизнеске қарыздар – 1,0%-ға 3,3 трлн теңгеге дейін (2022 жылдың басынан бері – 10,7%-ға). Бұл ретте жыл басынан бері қарыз алушы – ШОБ субъектілерінің саны 63,0%-ға өсіп, 272,9 мың қарыз алушыға жетті.
2022 жылғы қазанда бизнес субъектілеріне 1,0 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілді. Бұл ретте жыл басынан бері бизнеске 10,1 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға артық (9,2 трлн теңге).
Салалар бойынша заңды тұлғаларға берілген кредиттердің негізгі үлесі өнеркәсіпке (34,4%), саудаға (21,3%), құрылысқа (7,5%) және көлікке (5,7%) тиесілі.
Жеке тұлғаларға кредиттер 2022 жылғы қазанда 2,5%-ға ұлғайыкуп, 13,4 трлн теңгені құрады (ағымдағы жылдың басынан бері 24,6%-ға өсті).
“Жеке тұлғалар несиелерінің өсуіне жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру нәтижесінде ипотекалық кредиттеудің 3,9%-ға 4,4 трлн теңгеге дейін ұлғаюы, сондай-ақ тұтынушылық қарыздардың 1,5%-ға 7,3 трлн теңгеге дейін өсуі себеп болды”, – деп хабарлайды агенттік.