Ақшаға деген көзқарас әркімде әр түрлі болады. Бірі мақсат десе, бірі сауда құралы ретінде қарайды. Қаржылық тәуелсіздікке жеткіңіз келсе, алдымен көзқарасыңызды өзгерткеніңіз дұрыс. Осы орайда kazbusiness.kz ақпараттық порталы ақшамен дұрыс қарым-қатынас орнатуға көмектесетін кітаптар тізімін ұсынады.
Неліктен байлар одан әрі байып жатыр, Роберт Кийосаки, Том Уилрайт (Robert T. Kiyosaki, Tom Wheelwright. Why the Rich are Getting Richer)
Кітаптан өміріңізді өзгертетін әдістер мен жолдарды білесіз. Қаржыны дұрыс жоспарлап, қайда салу керектігі жайлы ақпарат аласыз. Жұмысыңыз табысты болып, тұрақты кіріс көзін табасыз. Авторлар жаңа идеялармен бөліседі. Осы идеялар негізінде байлыққа деген көзқарасыңыз өзгереді.
Миллион долларды жоғалту арқылы не үйрендім, Джим Пол, Брендан Мойнихан (Jim Paul, Brendan Moynihan, What I Learned Losing a Million Dollars)
Кітапта баяндалатын оқидан шығатын қорытынды – шығынды жаныңызға жақын қабылдамаңыз. Әр уақытта сәттіліктің артынан сәтсіздіктің де қатар келетінін ұмытпаңыз. Ал бұл құныдылықтарыңыз бен ақшаға деген көзқарасты өзгертуге жақсы себеп болмақ. Оқырман кітапты оқи отырып, шығын мен табыстың мәнін ұғады. Еш уақытта сәтсіздікті естен шығармау керек екенін түсінеді. Себебі өзінің мықтылығына сену көзсіз батырлық екенін ұғынады.
Броктың күші, Джон Даймонд (JohnDymond, The Power of Broke: How Empty Pockets, a Tight Budget, and a Hunger for Success Can Become Your…)
Джон Даймонд – австралиялық белгілі кинезиолог және жазушы. Ол психосоматиканың жаңа бағыттарына жол ашқан дәрігер.
Кітапта джон Даймонд өзінің жетістігінің сырымен бөліседі. Сонымен қатар жақсы стартапқа айналуы мүмкін бірнеше идеяларды ортаға салады. Автор өзінің оқырманына сенім артып, жеңіске жетуге жетелейді.
Орташа нарық және кесірткенің миы, Терри Бернхем (Terry Burnham, Mean Markets and Lizard Brains)
Кітап сіздің қаржы және экономика туралы көзқарасыңыздың тас-талқанын шығарады. Автор иррациналды әрекетке итермелейтін биологиялық себептерді көрсетеді. Сонымен қатар мидың шешім қабылдаудағы рөлін айқындайды. Акция, жылжымайтын мүлікті сатып алу, несие алу секілді әрекеттерді мидың ең көне – кесіртке миы деп аталатын бөлігі басқаратынын айтады.
Бір беттік қаржылық жоспар. Қаржылық сауатты болудың қарапайым тәсілі, Карл Чидардс (Karl Richards, The One-Page Financial Plan. A Simply Way to Be Smart About Your Money)
Карл Ричардс бұл кітабында саналы түрде сауда жасауға көмектесетін кеңестер береді. Жеке қаржылық жоспарды ұстануды үйретіп, маркетингтік қулықтың құрығына түсіп қалудан сақтандырады. Қаржылық жетістік қатал тәртіпті қажет етеді. Кітаптан әмияніңізде және миыңызда тәртіп орнататын бірнеше кеңестерді білесіз.