No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Іскер ана” арқылы іс бастауға болады ма?

Алматыда "Іскер ана" әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы аналарды кәсіпкерлікке баулу.

07.12.2022
Жаңалықтар
11
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы қаласында биыл бұл жобаны “Бақытты отбасы” орталығы және “Жас Отан” жастар қанаты бірлесіп ұйымдастырды. Жоба аясында көпбалалы аналар тегін курсқа жазылып, түрлі кәсіптің қыр-сырын үйренеді. Сертификат алғаннан кейін арнайы грантқа ие болып, жеке кәсібін бастауға да мүмкіндік бар.

Курсқа қатысушы үшін көпбалалы жас аналар “Бақытты отбасы” орталығына барып, өтініш білдіруі қажет. Олардан арнайы құжат пен ешқандай қаражат талап етілмейді.

“Қазір алғашқы топтың жұмысы аяқталды. Келесі курс 2020 жылы жалғасады”, – деді “Жас Отан” ЖҚ Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бибінұр Шербаева.

Кәсіпкерлік курсы үш бағыт бойынша оқытылады:

  1. Тігін ісі;
  2. Қолөнер бұйымдарын жасау;
  3. Макияж (бет әрлеу).

Әр бағыт бойынша оқыту үшін кәсіби мамандар тартылған. Оқу аяқталғаннан кейін барлық қатысушыға сертификат беріледі.

“Тігін және қолөнер курстарында он адам оқып жатыр. Бұл курстардың ұзақтығы – бір ай болса, бет әрлеушілер бір апта оқтылады. Барлығы үш топ болса, әрбірінде 10 адамнан болады. Курс мерзімін белгілеуде аналардың өтініштерін ескердік. Көпшілігі мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде меңгеріп шығуға боалатын және сұранысқа ие кәсіптерді үйретуді сұрайды”, – дейді Бибінұр Шербаева.

Жоба ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы курсты тәмамдаған аналардың арасында өзінің жеке ательесін, салонын ашып, кәсіп бастап кеткендер көп.

Бастама сәтті жүзеге асып жатқандықтан, ол жалғасын табады. Бірақ келесі жылы жоба форматы өзгереді.

“2019 жылы көптеген көпбалалы аналар өздері өтініш білдіріп, жобаға қатысса, келесі жылдан бастап “Бақытты отбасы” аясында кәсіп үйренуге мұқтаж жандарды өзіміз іздеп табуға тырысамыз. Отбасы жағдайына, басқа да тұрмыстық мәселелеріне байланысты үйінен шыға алмайтын, уақыты тығыз адамдар аз емес. Олардың да кәсіп үйренуге деген ниеті болуы мүмкін”, – деді Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бақытты және ұзақ өмір сүру бөлімі басшысы Нұржамал Рысқұлова.

Оның айтуынша, биыл оқып, сертификат алып, бірақ грант иелене алмаған қатысушылар да бар екен. Олар келесі жылы грантын қайта қорғап, бизнесін жүргізуге алады.

Айта кетейік, қазір Алматы қаласы бойынша 14 500 көпбалалы ана бар болса, олардың ішінде 11 000 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Цифрлық майнинг үшін төлемақының жаңа сараланған ставкалары белгіленді

03.08.2022

Кредиттік тарихыңызда қателік кетсе не істеуге болады?

27.01.2023

“Қара тізім”: қалай шығуға болады?

07.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа