Банкротқа ұшыраған FTX крипто биржасының негізін қалаушы Сэм Бэнкман-Фрид құпия айыптау қорытындысы негізінде Багам аралдарында ұсталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы.
Сэм Бэнкман-Фрид АҚШ үкіметінің өтініші бойынша ұсталғаны туралы Нью-Йорк штатының оңтүстік округінің прокуроры Дэмьен Уильямстың дүйсенбіде прокуратураның Twitter-де жариялаған мәлімдемесінде айтылған.
Мәлімдемеде айтылғандай, Бэнкман-Фрид Багам аралдарында “дүйсенбі күні кешке АҚШ билігінің өтініші бойынша Нью-Йорктің Оңтүстік округінің прокуратурасы ұсынған құпия айыптау қорытындысы негізінде” ұсталды.
“Біз айыптау қорытындысы таңертең [сейсенбіде] құпиясыздандырылады деп үміттенеміз және сол кезде қосымша ақпарат беретін боламыз”, – деп түсіндірді Уильямс.
Өз кезегінде The New York Times газеті дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Бэнкман-Фридке электронды, бағалы қағаздармен алаяқтық, ақшаны жымқыру мен қылмыстық қастандық жасады деген айып тағылғанын хабарлады. Бірақ басылым айыпталушы кінәлі деп танылған жағдайда оны қандай жаза күтетінін жазбаған.
4 қарашада FTX Twitter-де банкротқа ұшырағанын жариялады. Сонымен қатар Бэнкман-Фридтің қызметінен кеткені де хабарланған болатын.