Атырауда полиэтилен шығаратын зауыт салынатын болды. Жобаны бастау жөнінде «ҚазМұнайГаздың» басқарма төрағасы Chevron Phillips басшысымен осы жөнінде келісімге қол қойды.
Енді алдағы уақытта әлемдегі газ-химия кешенінің әрі полиэтилен шығаратын кешеннің ең ірісі Қазақстанда салынады. MarTECH ADL технологиясымен жасалатын полиэтилен өнімдері әлемде жоғары сұранысқа ие. Кәсіпорын іске қосылса жылына 625 мың тонна полиэтилен өндіріледі. Инвестор – Chevron Phillips.
«Шеврон Филипс бұл – американдық компания. Бұлар полиэтилен жұмысының жобалау жұмыстарын бастайды. Сонымен қатар полиэтилен шығаратын технологиясын бізге береді. Зауыт Атырау облысында орналасқан еркін экономикалық аймақта болады. Жылына 625 мың тонна полиэтилен өндіруге мүмкіндік беретін тағы бір технология орнатылады. Келісім бар. Екі технологиялық жабдық жылына 1 млн 250 мың тонна полиэтилен шығарады», – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.