No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2023 жылдың қаңтарынан бастап жеңілдетілген автонесие беріле бастайды

23.12.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жеңілдетілген автонесиенің револьверлік тетігі 2023 жылдың қаңтарында іске қосылады. Бұл туралы Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін жеңілдетілген автонесие ағымдағы жылдың қараша айында қайта басталады деп жоспарланған болатын.

Бүгін 2023 жылдан бастап барлық қолданыстағы бағдарламалардың шарттары біркелкі болатыны белгілі болды. Бұл туралы жеңілдетілген автонесие бағдарламаларының операторлары болып табылатын ҚДБ мен Индустриалды даму қоры (IDF) хабарлады.

Сондай-ақ, орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта Қазақстанның Даму банкі ұсынған бағдарлама бойынша бір ғана қаражат операторын қалдыру жоспарлануда.

“Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер қатысып жатқан бағдарламаларда қолданыстағы несиелерді өтеуден алынған төлемдерді жинақтау процесі жүзеге асырылады. Револьверлік механизм негізінде жеңілдетілген несие беруді бастау 2023 жылдың қаңтар айының екінші жартысында күтілуде.

ҚДБ атап өткендей, іске қосу уақытына екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі шамамен 13 млрд теңгені құрайды, бұл кемінде 1300 жаңа автонесие беруге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта револьверлік әдіспен жинақталған қаражатты бөлу ай сайын жүргізілу жоспарлануда”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2015 жылдан бері жеңілдетілген автонесие бағдарламасына Үкімет ҚДБ арқылы 82 млрд теңге бөлген. Айналмалы механизмді қолданудың арқасында осы қаражат есебінен жалпы сомасы 176 млрд теңгені құрайтын 32 мыңнан астам несие берілді.

2022 жылдың мамыр айында Индустрияны дамыту қоры жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 млрд теңге бөлді. 2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша бұл қаражатқа 14 мыңнан астам несие мақұлданды, оның ішінде 12 500-ден астам жаңа автокөліктер шығарылды. Автонесиенің орташа мөлшері 7,8 млн теңгені құрады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстандықтарға несие алу қиындайды

12.08.2022

Бір жыл ішінде қант 87 пайызға қымбаттады

19.08.2022
фото: ашық дереккөз

4 млрд теңге: Балқаш тұрғындары жағалаудың қайта құрылуына қарсы

02.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа