Вице-министр форумда Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол түрік әріптестеріне Қазақстанда бастапқы тұқым шаруашылығын бірлесіп дамыту қажеттілігін айта отырып, еліміздің АӨК-не инвестиция салуға шақырды. Форумға қатысушылар ҚР Үкіметі тарапынан белсенді жүргізіліп отырған мемлекеттік қолдау шараларына қызығушылық танытты.
Панельдік пікірталас қорытындысы бойынша, Қазақстанда түрік кәсіпкерлері үшін бірлескен жұмыстың перспективалы бағыттары ретінде көкөніс өндіру, бау-бақша өсіру, ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын өндіру, жемістер мен көкөністерді өңдеу, қант, кондитерлік өнімдер өндіру, сондай-ақ қант қызылшасын, жемістер мен көкөністерді терең өңдеу өнімдерін өндіру болып көрінетіні айтылды.
Сондай-ақ форум қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым өндірушілерімен бірнеше кездесулер өтті. Соның нәтижесінде мақта шаруашылығы, майлы дақылдар өндірісі саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ жас ғалым селекционерлердің тағылымдамалары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.